Мәслихат туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мәслихат туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Онлайн қабылдау ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.

    Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:

    - «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;

    - «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;

    - «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;

    - «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;

    - «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;

    - «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;

    - «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

    Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.

    Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.

    Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.

    Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

    «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.

    «Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.

    Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.

    Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz

    Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.

    Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Көксу ауданы мәслихатының кезектіLXIсессиясы КҮН ТӘРТІБІ Балпық би ауылы 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат:09-00 «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 9 айда атқарған жұмыстары туралы есебі. «Көксу ауданының сау...

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    📚 «Кітап оқитын ұлт» – ойлайтын ұлт!

    Көксу ауданы мәслихатының аппарат басшысы А. Қожабергенов мемлекеттік қызметшілерге «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кітап – білімнің ғана емес, рухани дамудың, терең ой мен парасаттың қайнар көзі. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасып, жаңа к...

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 27 тамызда Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс ХV сессиясы өткізіледі.Көксу ауданы мәслихатының кезектен...

    24 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Көксу ауданы мәслихатының кезектіLIXсессиясы КҮН ТӘРТІБІ Балпық би ауылы 2026 жылғы 12 тамыз сағат:09.00 Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес, Көксу ауданының әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орын...

    31 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Повестка дня:1.О признании утратившими силу некоторыхрешений маслихата Коксуского района.2.О внесении изменения в решение маслихата Коксуского района от 3 июля 2024 года № 27-115 «О создании районной комиссии по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовное наказание»

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 29 мамырда Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс LVII сессиясы (онлайн режімінде) өткізіледі.Көксу ауданы...

    25 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 29 мамырда Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезектен тыс LVII сессиясы (онлайн режімінде) өткізіледі.Көксу ауданы...

    25 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабына сәйкес, 2026 жылдың 29 сәуірінде Көксу ауданы мәслихатының мәжіліс залында, Көксу ауданы мәслихатының VIII шақырылған кезекті LVI сессиясы өткізіледі.Көксу ауданы мәслихатының кезекті LV...

    20 сәуір 2026 ж.Тікелей