Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Дөңгелек үстелАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында профилактикалық бақылау жүргізді.

    Профилактикалық бақылау барысында қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көрсетілу тәртібі зерделенді.

    Профилактикалық бақылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша мерзімі белгіленген нұсқама берілді.

    Сонымен қатар, «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік қызметкерлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарының қатысуымен ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

    Дөңгелек үстел барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы К. Сарсенов әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Сырдария ауданы тұрғындарымен кездесуі

    24.09.2026ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қолдау шаралары туралы азаматтарға жан-жақты ақпарат бер...

    КездесуАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Жалағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі

    23.09.2026ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген әлеуметтік қолдау шаралары туралы азаматтарға жан-жақты ақпарат бер...

    ОтырысАяқталды

    Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында медицина ұйымының дәрігерлерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 16-18 қыркүйекте Қазалы, Жалағаш және Сырдария аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премь...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Департаменттің №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 14-15 қыркүйек айында Шиелі және Жанақорған аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер-...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Дүниежүзілік тазалық күніне арналған акция

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысты. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар табиғатқа жанашырлық танытып, таз...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім мамандары арасында құқықтық оқыту сабағы өткізілді.

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Махановамен бөлім мамандары арасында құқықтық оқыту сабағы өткізілді. Құқықтық оқыту барысында А.Маханова бөлім мамандарына...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 9-11 қыркүйекте Арал және Қармақшы аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрі...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мемлекет арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қалай бағалайды?

    Қазақстанда мемлекет арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын заң талаптары мен бекітілген стандарттардың орындалуы, қызмет алушының қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы және көрсетілген қызметтің нәтижесі арқылы бағалайды. Негізгі өлшемдер: Қолжетімділік – қызметтің мұқтаж адамға уақтылы және қажетті көлемде көрсетілуі....