Астанада Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды

    Орган
    Орны
    Nazarbayev University
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Астанада Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды
    ФорумАяқталды
    Астанада Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды

    Астанада Nazarbayev University алаңында ғарыш агенттіктерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес, ғылым және технологиялық қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

    Биылғы форумға 50-ден астам елден өкілдер, 60-тан астам бейінді спикер және 900-ден астам қатысушы жиналды. Осылайша, форум Орталық Азиядағы ғарыш саласын дамытудың перспективаларын талқылауға арналған ең ірі халықаралық алаңдардың біріне айналды.

    Халықаралық қатысушылар қатарында Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, АҚШ және басқа да елдердің жетекші ғарыштық және технологиялық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ғарыш агенттіктері мен әлемнің ірі аэроғарыштық компанияларының өкілдері бар.

    Астанада Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды

    Форумға China Great Wall Industry Corporation, Eutelsat, SES және Thales Alenia Space сияқты жетекші халықаралық компаниялардың қатысуы ерекше маңызға ие. Бұл компаниялардың өкілдері спутниктік байланыс, ғарыштық инфрақұрылым және жаңа ғарыштық сервистерді дамыту мәселелерін талқылауға қатысуда.

    Пленарлық сессия форумның іскерлік бағдарламасын ашты

    Форумның бірінші күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев ашқан пленарлық сессиямен басталды.

    Өзінің құттықтау сөзінде Жаслан Мадиев Қазақстанның ғарыш саласын дамытудың үш негізгі басымдығын – деректер, технологиялар және адамдар деп белгіледі.

    «Деректер, технологиялар және адамдардан тұратын үш негізгі басымдық Қазақстанға бәсекеге қабілетті ғарыштық өнімдер мен қызметтерді құруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Жаслан Мадиев.

    Министр Қазақстан форумнан практикалық нәтижелер, нақты уағдаластықтар және жаңа бірлескен жобалардың іске қосылуын күтетінін атап өтті. Сондай-ақ Space Days Kazakhstan форумын кәсіби диалог пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дәстүрлі халықаралық алаң ретінде дамытудың маңызын айтты.

    Пленарлық талқылау барысында халықаралық ғарыштық кооперацияны дамытудың перспективалары және ғарыштық технологиялардың мемлекеттердің экономикалық және технологиялық дамуына қосатын үлесі де талқыланды.

    Астанада Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумы басталды

    Ұқсас материалдар

    СеминарАяқталды

    "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында семинар

    2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.С. Смаилова "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас м...

    22 мамыр 2026 ж.Тікелей
    онлайн
    ТрагедияАяқталды

    Қазақ халқының ғарышкер ұлы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабар қабырғамызды қайыстырды

    Қазақ халқының ғарышкер ұлы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, Ресей Федерациясының генерал-майоры, Қазақстан Республикасының авиация генерал-лейтенанты, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралық...

    4 тамыз 2025 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Қазақстан Бакудегі ICESCO аймақтық семинарында ғарыштық білім беру, ғылым және технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісті

    2025 жылғы 18 шілдеде Әзербайжанның Баку қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ICESCO) Аймақтық офисі ұйымдастырған алғашқы аймақтық семинар өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысты. Семинардың басты мақсаты - Орталық Азия мен...

    22 шілде 2025 ж.Тікелей