"Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында семинар

    Орган
    Орны
    онлайн
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    СеминарАяқталды

    2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.С. Смаилова "Жалпыға бірдей декларациялау" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы А.Д. Молдағалиева қатысты.

    Семинар барысында жалпыға бірдей декларациялау жүйесіндегі өзгерістер, декларация тапсыруға міндетті азаматтар санаттары,270.00 нысанын толтыру тәртібі және салық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шараға ҚР ЖИЦДМ Аэроғарыш комитеті және оған ведомствалық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.

    Ұқсас материалдар

    ТрагедияАяқталды

    Қазақ халқының ғарышкер ұлы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабар қабырғамызды қайыстырды

    Қазақ халқының ғарышкер ұлы Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, Ресей Федерациясының генерал-майоры, Қазақстан Республикасының авиация генерал-лейтенанты, ұшқыш-ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралық...

    4 тамыз 2025 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Қазақстан Бакудегі ICESCO аймақтық семинарында ғарыштық білім беру, ғылым және технологиялар саласындағы тәжірибесімен бөлісті

    2025 жылғы 18 шілдеде Әзербайжанның Баку қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ICESCO) Аймақтық офисі ұйымдастырған алғашқы аймақтық семинар өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысты. Семинардың басты мақсаты - Орталық Азия мен...

    22 шілде 2025 ж.Тікелей