
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 қыркүйекті сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 57 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;
2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.