
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 27 тамызды сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының 56 кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз.
Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:
1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;
2) 2026-2027 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы №20/4 «Аршалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.
Аудандық мәслихат сессиясының онлайн-трансляциясы Facebook парақшасында (Аршалы аудандық мәслихаты) өткізіледі.