Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Орны
    «Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ
    Мәртебе
    Эфирде
    Формат
    Тікелей
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
    ХабарландыруЭфирде

    «Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 15 қыркүйек пен 27 қазан аралығында басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

    1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026жылғы14 қыркүйеккедейін (қоса алғанда) ақпаратты [email protected] электрондық поштасына жіберуді немесе «Алматы қаласының Жол қозғалысын және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша қағаз түрінде ұсынуды сұраймыз.

    Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

    Сұрақтар туындаған жағдайда 8 777 115 65 05 телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ 2026 жылдың 5 қазанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Республика аланы көшесі, 4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу...

    ХабарландыруАяқталды

    Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

    «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» КММ 2026 жылдың 05 қазанда сағат 10:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды. К...