
Білім сапасын қамтамасыз ету:
жаңа талаптар, тиімді басқару және
тұрақты даму
9 - СЕКЦИЯ
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 26 тамыз,15:00 сағат
Панельдік секцияны өткізу орны: Астана қаласы әкімдігінің «№ 104 Жалпы орта білім беретін мектеп» ШЖҚ МКК (Жошы хан көшесі, 16)
Өткізу форматы: панельдік пікірталастар (ашық кәсіби диалог), баяндамалар мен презентациялар.
Секцияның мақсаты: Білім беру жүйесінде білім сапасын қамтамасыз етудің заманауи талаптары мен тиімді басқару тетіктерін талқылау, сапаны басқарудың инновациялық тәжірибелері мен тұрақты даму қағидаттарын енгізу бағытындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері мен озық тәжірибелерді тарату, сондай-ақ ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары және сарапшылары арасында кәсіби ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамыту арқылы білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруге ықпал ету.
Қатысушылар: 80
Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері - 4
білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері бөлімдерінің мамандары - 36
облыстық білім бөлімдерінің басшысы – 40
Ұйымдастырушы: Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті.