Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен әңгімелесу өткізілді
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және кәсіби әдептің жоғары стандарттарын қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласындағы заңнамасының негізгі талаптарына ерекше назар аударылды.
Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген негізгі талаптар мен шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, оның ішінде адалдық, объективтілік, әділдік қағидаттарын ұстануына, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарауына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған мінез-құлық стандарттарын сақтауына қатысты мәселелер қаралды.
Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметті атқарудың алғашқы күндерінен бастап заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындау және мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен әңгімелесу өткізілді
- Кезең
- Алматы уақыты (UTC+5)
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қатысуымен семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқа...
Қандастарға үшін Ашық есік күні
2026 жылғы 6 қарашада зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Темирбаева қандастар үшін Ашық есік күніне арналған іс шараға қатысып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі
Республика күні қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Ерлан Нұрланұлы Архабаевтың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.Ант қабылдау – халық пен мемлекетке адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға, адалдық пен кәсіби жауапкершілік қағидаттарын ұстануға бағытталған маңызды әрі...
2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен штаб отырысы өткізілді
2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен штаб отырысы өткізілді, онда департамент басшысының м.а. Г.Б. Ысқақова 2027 жылғы қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің алдағы жаңа тәсілдері...
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді берудің жаңа шарттарын түсіндіру бойынша оқыту өткізді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 14 қазанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, ішкі саясат бөлімдерінің, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар басшыларымен, ауылдық округ әкімдерімен 2027 жылғы 1 қаңтардан баста...
Ашық есік күні
2026 жылғы 9 қазанда Әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Аймурзинова Қ.Ж. «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектігі бар адамдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің базасында өткен мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара барысында медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) саласындағы өз...
Қандастар үшін Ашық есік күні
2026 жылғы 6 қазанда зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Габдуллина қандастар үшін Ашық есік күніне арналған іс шараға қатысып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Оның ішінде, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 9 ақпандағы №261-VIII «...
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оңалту емін алу қолжетімділігі мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел.
2026 жылғы 23 қыркүйекте әдістеме және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Аймурзинова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оңалту емін алу қолжетімділігі мен тәртібі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.Дөңгелек үстел барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға оңалту емінің қолжетімділігі,...