
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен әңгімелесу өткізілді
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және кәсіби әдептің жоғары стандарттарын қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласындағы заңнамасының негізгі талаптарына ерекше назар аударылды.
Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген негізгі талаптар мен шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, оның ішінде адалдық, объективтілік, әділдік қағидаттарын ұстануына, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарауына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған мінез-құлық стандарттарын сақтауына қатысты мәселелер қаралды.
Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметті атқарудың алғашқы күндерінен бастап заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындау және мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.