Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 14 жастан бастап жасөспірімдер ата-анасының жазбаша келісімімен жеңіл жұмыстарды орындай алады, 15 жастан бастап — еңбек шарты бойынша жұмыс істей алады, ал 16 жастан бастап — оны өз бетінше жасаса алады.
Кәмелетке толмағандар үшін түнгі ауысымдар, ауыр және зиянды жұмыстарға тыйым салынады. Жұмыс аптасының ұзақтығы 14–16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 24 сағаттан, ал 16–18 жас аралығындағы тұлғалар үшін 36 сағаттан аспауы тиіс.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыс берушілерді заңнама талаптарын сақтауға, ал ата-аналарды — балаларының еңбек жағдайларын бақылауға шақырады. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары бұзылған жағдайда, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына жүгіне алады.
Ақмола облысында кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы хабарлады.
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
БрифингАяқталды
Ұқсас материалдар
БрифингАяқталды
Маусымдық жұмыс: қызметкерлердің қандай құқықтары бар
Маусымдық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар, алайда бұл жағдайда жұмыскерлердің еңбек құқықтары сақталады.Ақмола облысында климаттық немесе табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезеңде орындалатын және бір жылдан аспайтын жұмыстар маусымдық жұмыстар болып саналатыны түсіндірілді.Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыст...