Құрылтай - 2026

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Құрметті отандастар!

    2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.

    №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

    Құрметті азаматтар!

    №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін алдын ала өз деректеріңізді (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Құрылтай – 2026» деген белгімен алдын ала [email protected] және [email protected] электрондық пошталарына жолдауларыңызды сұраймыз.
    Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
    Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +32 2 373 38 90, +32 497 03 24 28.

    Сіздерді Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    ЕЛШІНІҢ СТУДЕНТТЕРМЕН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КЕЗДЕСУІ

    22 қазанда Республика күні қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенконың Бельгия мен Люксембургте білім алып жүрген қазақстандық студенттермен жыл сайынғы кездесуі өтеді. Бұл кездесу – Елшімен және Елшілік қызметкерлерімен танысып, еркін пікір алмасуға, студенттік өмір, өзекті мәселелер мен алдағы жоспа...

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

    «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты. Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын ау...

    ХабарландыруАяқталды

    Шетел азаматтарына арналған «QazETA» цифрлық платформасы

    QazETA – шетел азаматтарына арналған цифрлық мемлекеттік платформа QazETA – шетел азаматтарына көші-қон және оған ілеспе негізгі қызметтерге «бір терезе» қағидаты бойынша (шетелдіктерге арналған бірыңғай цифрлық терезе) ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік цифрлық пл...