Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 12 тамызда сағат 17:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 72 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын.
Сессияда «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2 «Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және тағы басқа мәселелер қаралады.
Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090
Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 12 тамызда сағат 16:30-да жүргізіледі.