VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының отыз төртінші сессиясының
МӘСЕЛЕЛЕРІ
VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылы 21 тамыз күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 4 қабат).
Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады:
1.Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары жөніндегі есебі туралы.
2. Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларына сәйкес қаладағы тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығы туралы.
3. «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы.
4. Ақтау қалалық мәслихатының №6 сайлау округінің депутаты К.В.Осиннің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы.
5. Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Мәслихат төрағасы С.Т.Закенов