
Арасан ауылдық округінде кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы бағытта учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстық әрекеттердің және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Профилактикалық жұмыстар барысында:
кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
мопед, мотоцикл, электросамокат, электровелосипед және басқа да көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдалану тәртібі түсіндіріледі;
заңмен белгіленген талаптарды сақтамай көлік құралдарын басқарудың жауапкершілігі туралы ақпарат беріледі;
жасөспірімдер көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтардың, бұзақылықтың және басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аударыңыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, заң талаптарына сай басқару құқығы жоқ көлік құралдарын пайдалануға жол бермеңіз.
Жасөспірімдерге ескерту:
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз;
Қауіпсіздік құралдарын (қорғаныш дулығасы, шағылыстырғыш элементтер) пайдаланыңыз;
Заң талаптарына сәйкес басқаруға рұқсат етілмеген көлік құралдарын жүргізбеңіз;
Қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеңіз.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір отбасының, қоғамның және мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз өмірдің кепілі!