Жетісу облысы Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ақсу ауданы әкімдігінің "Арасан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    терроризмнің алдын алу және оны болдырмау

    Мекеме қызметкерлерімен,«терроризмнің алдын алу және оны болдырмау» бойынша жұмыстарды ұйымдастырып жүргізі, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізудің тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру сағаты өтті!

    20 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Бір қадам – бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін»

    «Бір қадам – бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін» тақырыбында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Г. Серикбаева және Бас маман Е.Сеитқазы ауыл көшелерін және тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары, заң алдындағы жауапкершілік және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындарға зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырылып, профилактикалық жадынамалар таратылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру.

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Талдықорған қаласында өткен жүгіру эстафетасында жүлделі І орын иеленген «Арасан жастарын» шын жүректен құттықтаймыз!

    Талдықорған қаласында өткен жүгіру эстафетасында жүлделі І орын иеленген «Арасан жастарын» шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ұйымшылдықтың, табандылықтың, қажырлы еңбектің және жеңіске деген жігердің жарқын көрінісі. Арасан ауылының намысын абыроймен қорғап, үздік нәтиже көрсеткендеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жеңістеріңіз көбейіп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер! Ел мақтанышы болып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

    Арасан ауылдық округінде кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы бағытта учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстық әрекеттердің және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Профилактикалық жұмыстар барысында: кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі; мопед, мотоцикл, электросамокат, электровелосипед және басқа да көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдалану тәртібі түсіндіріледі; заңмен белгіленген талаптарды сақтамай көлік құралдарын басқарудың жауапкершілігі туралы ақпарат беріледі; жасөспірімдер көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтардың, бұзақылықтың және басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аударыңыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын түсіндіріп, заң талаптарына сай басқару құқығы жоқ көлік құралдарын пайдалануға жол бермеңіз. Жасөспірімдерге ескерту: Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз; Қауіпсіздік құралдарын (қорғаныш дулығасы, шағылыстырғыш элементтер) пайдаланыңыз; Заң талаптарына сәйкес басқаруға рұқсат етілмеген көлік құралдарын жүргізбеңіз; Қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеңіз. Балалардың қауіпсіздігі – әрбір отбасының, қоғамның және мемлекеттік органдардың ортақ міндеті. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіз өмірдің кепілі!

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    Арасан ауылы
    ОтырысАяқталды

    Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!

    Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында Арасан ауылдық округі әкімдігінің, Жанұя орталығының мамандары және полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы, сондай-ақ қамқоршылықта тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс жағдайлары араланып, олардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі мен әл-ауқатына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу мақсатында ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    1 шілде 2026 ж.Тікелей
    Есеп

    2026 жылғы III тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы II тоқсан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есеп

    Жарияланды: