Юбилейный МҮ директорының бос орнына конкурс

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141220, Шідерті поселкесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, 20, анықтама телефондары: 8(7187)398552, 398248, электрондық мекенжайы: [email protected].
    Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі аппаратының «Юбилейный» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен- жайы: 141220, Шідерті поселкесі, Жастар көшесі, 13, телефондары 8(7187)398562
    Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: ұрпақтың сабақтастығын сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамыту, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мәдени тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
    - Педагогикалық ғылымдар (жалпы дамыту бағытындағы пәндік мамандандыруы бар, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы;
    - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметінің саласындағы мамандық бойынша басқарушылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
    - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі.
    Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
    3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
    5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

    Хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурстың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 28 тамыз «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде.

    Ұқсас материалдар

    Пресс-релизАяқталды

    «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешім жобасына баспасөз баяны (пресс-релиз)

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №34...

    Пресс-релизАяқталды

    «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешім жобасына баспасөз баяны (пресс-релиз)

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №34...