"Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    Шідерті поселкесі әкімі нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді тіркеуді жүргізеді;

    жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының, бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

    жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

    Шідерті поселкесінің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

    жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Екібастұз қалалық мәслихатына Шідерті поселкесі бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

    Шідерті поселкесінің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

    жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

    Шідерті поселкесінің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, Шідерті поселкесінің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

    мүлкі Шідерті поселкесінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

    ОтырысАяқталды

    Юбилейный МҮ директорының бос орнына конкурс

    «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 141220, Шідерті поселкесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, 20, анықтама телефондары: 8(7187)398552, 398248, электрондық мекенжайы: [email protected]. Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі аппаратының «Юбилейный» мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен- жайы: 141220, Шідерті поселкесі, Жастар көшесі, 13, телефондары 8(7187)398562 Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты: ұрпақтың сабақтастығын сақтау, Қазақстан халықтарының мәдениетін дамыту, азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің мәдени тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: - Педагогикалық ғылымдар (жалпы дамыту бағытындағы пәндік мамандандыруы бар, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы; - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес Кәсіпорын қызметінің саласындағы мамандық бойынша басқарушылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы; - мемлекеттік кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі. Конкурстың өтетін күні мен орны: 2026 жылғы 28 тамыз «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде.

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Қағида

    жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер сілтемесі

    жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер сілтемесі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021366

    Жарияланды: