«Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды!
    ХабарландыруАяқталды

    Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында өңір кәсіпкерлері арасында «Адал кәсіпкер» байқауын жариялайды.

    Байқаудың басты мақсаты – заң талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлікті ашық әрі жауапты жүргізетін бизнес субъектілерін қолдау, олардың үздік тәжірибесін насихаттау және қоғамда адал кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру.

    ✅ Байқауға кімдер қатыса алады?

    Алматы облысының аумағында тіркелген және кемінде екі жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқан ірі, орта және шағын бизнес субъектілері.

    Қатысушылар:
    * кәсіпкерлік қызметін ашық жүргізуі;
    * Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
    * қызметкерлеріне қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі;
    * өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуы;
    * салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
    * заңнаманы өрескел бұзу фактілерінің болмауы тиіс.

    📊 Бағалау критерийлері:
    🔹 салық тәртібі;
    🔹 әлеуметтік жауапкершілік;
    🔹 еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
    🔹 бизнестің ашықтығы;
    🔹 іскерлік беделі;
    🔹 кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы.

    Бағалау арнайы комиссия тарапынан 100 балдық жүйе бойынша жүргізіледі.

    🏅 Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
    * «Үлгілі салық төлеуші»;
    * «Қауіпсіз бизнес»;
    * «Үздік өндірістік бизнес»;
    * «Әлеуметтік жауапты бизнес»;
    * «Ашық бизнес».

    🎖️ Жеңімпаздар дипломдармен және естелік марапаттармен марапатталып, олардың жетістіктері бұқаралық ақпарат құралдары мен Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

    📥 Өтінім қабылдау басталды!

    Өтінімді:
    ✔️ онлайн форматта сілтеме арқылы
    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdSKJRLhhDX66srafAuvTXNqWgnwbT5GcouCCCXt132zI5lSw/viewform?usp=dialog

    ✔️ Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы арқылы тапсыра аласыз.

    📞 Байланыс үшін:
    ☎️ +7 (727) 727-90-67
    📧 [email protected]

    🤝 Егер сіздің бизнесіңіз адалдық, ашықтық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген болса, «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына қатысуға шақырамыз!

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруЭфирде

    ХАБАРЛАНДЫРУ Ұйымның заңды мекенжайының (орналасқан жерінің) өзгеруіне байланысты конкурс өткізу туралы

    «Іле ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-сі келіп түскен өтінім негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыратын заңды мекенжайын (нақты орналасқан жерін) өзгерту бойынша конкурстық рәсімдер өткізілетіні туралы хабарлайды. Аталған конкурстық іс-шаралар «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық ж...

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 100 МЫҢ КОНТЕЙНЕР ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА МУЛЬТИМОДАЛЬДЫ ТЕРМИНАЛ АШЫЛДЫ

    Алматы облысының Іле ауданында Kusto Group компаниясының ірі инфрақұрылымдық жобасы – Kusto Logistics Terminal мультимодальды контейнерлік терминалы техникалық іске қосылды. Жаңа кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 100 мың TEU-ды құрайды. Терминалдың ашылу салтанатына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Kusto Gro...

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін (бұрынғы кинотеатр ғимараты) сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ашық тендердің өткізілетіні туралы

    Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды ода...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАУ

    Қайыржан Жақсымбетов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.Естеріңізге сала кетейік, Іле ауданының әкімі айына екі рет, бірінші және үшінші дүйсенбі күндері сағат 15:00-17:30 дейін қабылдайды.Қабылдауға жазылу: 8/72752/2-06-078/72752/2-00-17телефондары арқылы жүзеге асырылады.

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Астана күні құтты болсын!

    Құрметті Іле ауданының тұрғындары!Сіздерді мемлекетіміздің айтулы мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мерейін асқақтатқан, ел бірлігі мен болашаққа деген сенімнің, тұрақты даму мен жасампаздықтың жарқын символы. Бас қаламыздың бүгінгі келбеті – халқымыздың қажырлы еңбегі м...

    6 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    Іле ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңейтілген жиын өтті.Басқосуда жаңа Конституцияның тарихи маңызы, заң үстемдігін нығайтудағы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды.Жиын бар...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей