Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының нотариат қызметі және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды
    БасқаАяқталды

    Заң нотариат институтын одан әрі жетілдіруге, нотариаттық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ нотариат қызметі саласындағы ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
    Заңның негізгі жаңалықтарының бірі – атқарушылық жазбаны жасау кезінде екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және микрокредиттік ұйымдардың өтініштерін нотариустар арасында кездейсоқ таңдау («барабан») қағидаты бойынша автоматты түрде бөлу тетігінің енгізілуі. Бұл теріс пайдалану мен сөз байласу әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік береді.
    Сондай-ақ атқарушылық жазбаны борышкердің тіркелген жері бойынша ғана жасау талабы бекітілді. Бұл борышкердің құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
    Заңмен нотариустарға қойылатын талаптар күшейтілді. Дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға негіз болатын жағдайлардың қатарына енгізілді.
    Мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында басшылары, құрылтайшылары немесе акционерлері нотариустың жақын туыстары болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты нотариаттық әрекеттер жасауға қосымша тыйым белгіленді.
    Реформаның маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік бақылауды жетілдіру болды. Нотариустарға қатысты бақылау іс-шаралары тікелей «Нотариат туралы» Заңмен реттелетін болады. Бұл нотариат қызметінің ерекшеліктерін ескеруге және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
    Сонымен қатар алғаш рет республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың төрағаларына, сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың төрағалары мен мүшелеріне төрт жылдық бірыңғай өкілеттік мерзімі заңнамалық деңгейде белгіленді. Олар аталған лауазымдарды қатарынан бір мерзімнен артық атқара алмайды.
    Тағы бір маңызды өзгеріс – конституциялық іс жүргізу заң көмегінің дербес бағыттарының қатарына енгізілді. Бұл азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
    Қабылданған заңнамалық өзгерістер нотариаттың заманауи, ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтардың нотариаттық қызметтерге деген сенімін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған.

    Заң қызметін ұйымдастыру

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен кездесу

    2026 жылғы 1 шілдеде Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің және Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің (АХҚО) өкілдерімен Әділет министрлігінде жұмыс кездесуі өтті....

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстан Республикасы әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсету қызметінің ерекшеліктері

    Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және азаматтардың ұтқырлығының артуы жағдайында ресми құжаттарды мемлекеттің шегінен тыс жерде тану мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Құжаттарды тану рәсімін жеңілдетудің ең тиімді тетіктерінің бірі – апостиль қою. Қазақстан Республикасы 1961 жылғы 5 қазанда Гаагада қол қойылған...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру.

    Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл саладағы мемлекеттік қызметтерге деген жоғары сұраныс олардың маңыздылығын көрсетеді: тіркеудің жылдамдығы мен қолайлылығы елдегі іскерлік белсенділікке тікелей әсер етеді. Осы...

    Пресс-релизАяқталды

    «Ашық есік күні» акциясы

    Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ІІІ тоқсанда Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 130-дан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Акция облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департа...

    ЖаңалықтарАяқталды

    «Ашық есіктер күні» акциясы

    Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң кеңес беру мақсатында жергілікті әділет органдары «Ашық есік күні» кең ауқамды акциясы аясында ағымдағы жылдың ІІ-тоқсанында Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарында 110-нан астам іс-шаралар ұйымдастырды. Акцияға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалар...