БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
    БасқаАяқталды

    Су ресурстары және ирригация министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін елорда мен Ақмола облысының су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды екі нысан - Астана су қоймасы мен Астана қаласының қорғаныс бөгетін ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысуға арналған баспасөз турына шақырады.

    Баспасөз турында журналистер Астана су қоймасының су жіберу құрылғысын, сондай-ақ Астана қорғаныс бөгетінің контрреттегіші мен салынып жатқан су бұру каналын аралап, нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен тікелей таныса алады.

    Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау жобасы аясында бөгет 4 шақырымға нығайтылып, ұзартылады. Сонымен қатар автоматтандырылған апатты су жіберу құрылысы мен ұзындығы 23 шақырымнан асатын, Нұра өзеніне шығатын су бұру каналы салынып жатыр. Жоба елорданы су тасқынынан қорғау деңгейін арттырумен қатар, іргелес аумақтардың гидрологиялық режимін жақсартуға, сулы-батпақты экожүйелердің, оның ішінде қамысты биотоптардың сақталуы мен дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоба су құстарының мекен ету ортасын және су биологиялық ресурстарын, оның ішінде Қорғалжын көлдер жүйесі бағытындағы табиғи ортаны сақтауға ықпал етеді.

    Есіл өзенінің ағынын реттейтін Астана су қоймасы - елорданы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған стратегиялық нысан. Ондағы гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау су қоймасының сенімділігі мен тұрақтылығын арттырып, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Баспасөз турында Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары табиғи апаттардың алдын алу, жергілікті экожүйелерді сақтау, сондай-ақ тасқын суды қауіпсіз өткізу және жинақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат береді.

    Өтетін күні: 15 шілде 2026 жыл

    Жүру уақыты: 09:00

    Жиналу орны: Қазмедиа орталығы(Д.Қонаев көшесі, 4)

    Аккредитация бойынша: +7 777 855 5077 (Аружан)

    Аккредиттеу: 14 шілде күні сағат 16:00-ге дейін жалғасады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 17 шілдеде сағат 15:00-де Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    2026 жылғы 17 шілдеде сағат 15:00-де Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Қызылорда облысы Сырдария ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.Өтетін орны:Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А. Иманов көшесі, 1, «Руханият» орталығы.

    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 11 маусымда сағат 11:30-да Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 11 маусымда сағат11:30-даСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өтетін орны:Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 22, Жастар ресурстық орталығы.

    КездесуАяқталды

    2026 жылғы 4 маусымда сағат 15:30-да Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2026 жылғы 4 маусымда сағат 15:30-да Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өтетін орны:Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Ж. Жабаев көшесі, 4, «Өнерпаз» мәдениет үйі. Басталу уақыты:4 маусым, сағат 15:30.

    КездесуАяқталды

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді

    Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өтетін күні27.03.2026 жыл Уақыты: 11:00 Кездесу орны:Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 14 (Ордабасы ауданы әкімдігінің ғимараты)

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру

    Су ресурстары және ирригация министрлігінің қызметіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылдың 19 қаңтарынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі...

    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 17 қазанда сағат 10:30-да ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2025 жылғы 17 қазанда сағат 10:30-да ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Алматы облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу орны: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Қуат шағын ауданы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі 32/1 (Мәдениет үйі)

    КездесуАяқталды

    2025 жылғы 16 қазанда сағат 16:00-де ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

    2025 жылғы 16 қазанда сағат 16:00-де ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу орны: Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көш. 111 (Сарқан ауданы әкімдігінің ғимараты)