Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Жітіқара қаласындағы Тәуелсіздік алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

    Биылғы мереке еліміз үшін айрықша кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген алғашқы күндер ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, ұлттық құндылықтарды сақтау, тарихи мұраны қастерлеу және қоғамдық бірлікті нығайту қағидаттарына негізделген жаңа бағытты паш етеді.

    Қала тұрғындары мен қонақтарына шығармашылық ұжымдардың, жеке орындаушылар мен қазақтың ұлттық аспаптар ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

    Іс-шара аясында ұлттық музыка өнерін сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау жолында елеулі еңбек етіп жүрген мәдениет саласының өкілдері Алғыс хаттармен марапатталды.

    Мереке аясында домбыраның тарихы мен қазақ халқының мәдениетіндегі орнына арналған тақырыптық көрме де көпшілік назарына ұсынылды. Бұл мереке – халқымыздың төл мәдениеті мен рухани мұрасына деген құрметтің, ұлттық бірлік пен сабақтастықтың жарқын көрінісі.

    Ұқсас материалдар

    Мерекелік концертАяқталды

    Жітіқарада Республика күні аталып өтті

    Жітіқарада Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігін, халық бірлігін және Қазақстанның мемлекеттілікті қалыптастыру жолындағы тарихи таңдауын айшықтайды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алы...

    27 қазан 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары!

    Сіздерді ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан - еліміз үшін тарихи маңызы бар ерекше күн. 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды қадамы болған мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл оқиға халқымыздың берік, еркін және тәуелсіз мемлекет...

    25 қазан 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері және педагогикалық еңбек ардагерлері!

    Ұстаз – еңбегі болашақпен сабақтас ардақты маман. Оның білімі мен кәсіби шеберлігіне, төзімділігі мен әр баланың бойындағы қабілетті көре білуіне жаңа буынның қандай болып қалыптасатыны тікелей байланысты. Бүгінде білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұр. Оқыту технологиялары өзгеріп, заманауи білім беру құралда...

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Жітіқарада Халықаралық қарттар күні атап өтілді

    1 қазан күні Жітіқара ауданының әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қала құраушы кәсіпорындардың өкілдері ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдерін құттықтады. Сол күні Жітіқара қаласының АМС үлкен залында «Өмірдің алтын жолдары» атты мерекелік...

    2 қазан 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті аға буын өкілдері!

    Сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Заман өзгеріп, қалалар түрленіп, жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашылуда, қоғам алдында жаңа міндеттер тұр. Алайда ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан асыл құндылықтарымыз - үлкенді құрметтеу, отбасына деген махаббат, адал еңбек және туған жердің ерт...

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    🏡 Жітіқарада «Үздік аула» байқауының қорытындысы шығарылды

    Қала күнін мерекелеу аясында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өткізілетін «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқау өз күшімен үй маңындағы аумақты көркейтіп, тазалықты сақтап, жайлы орта қалыптастырып жүрген тұрғындарды атап өтуге мүмкіндік берді. Құрметті мара...

    31 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Мерекелік концертАяқталды

    Жітіқарада Қала күні атап өтілді

    Тәуелсіздік алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын біріктірген үлкен мерекелік іс-шара өтті. Таңертеңнен бастап мұнда шығармашылық шаралар ұйымдастырылды: «Әнші балапан» балалар вокалдық байқауы, «JITIQARA Fest-2026» аралас би байқауы және вокалды-аспаптық ансамбльдер фестивалі өтті. Тұрғындар үшін «Ашық аспан астында...

    31 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті жітіқаралықтар!

    Жітіқара қаласының күні – осында туып-өскен, өмір сүріп, еңбек етіп, тағдырын туған жерімен тоғыстырған барша жандар үшін айрықша мәні бар мереке. Бұл – қаламыздың тарихына көз жүгіртіп, оның қалыптасуы мен өркендеуіне өз еңбегімен үлес қосқан азаматтардың өнегелі жолын дәріптейтін тағылымды күн. Биыл Жітіқара қаласыны...

    29 тамыз 2026 ж.Тікелей