24.06.2026 жылғы "Ақпараттық сағат" хабарының баяндамасы.

    Орны
    Ақтөбе телеарнасы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    СұхбатАяқталды

    Баспасөз брифингіне арналған баяндама

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

    «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау, жерлердің құнарлылығын арттыру бүгінгі күннің өткір және басты мәселелердің бірі екендігін хабарлайды.

    Облыстың жалпы көлемі 30,1 млн. га жер қорының 26,9 млн. га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде 25,3 млн. га жайылым, 739,7 мың га егістік, 461,8 мың га тынайған жерлер, 464,8 мың га шабындық, 1536 га көп жылдық екпелер болып келеді.

    Жер қорының санаттарына бөлінуі келесідей:

    - Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 13541,3 мың га;

    - Елді мекен жерлері 4347,7 мың га;

    - Өнеркәсіп жерлері 331,5 мың га;

    - Ерекше қорғалатын табиғи аймақ жерлері 1177,4 мың га;

    - Орман қорының жерлері 261,9 мың га;

    - Су қорының жерлері 13,1 мың га;

    - Ресей Федерациясының пайдалануындағы жерлер /полигон/ 477,8 мың га;

    - Босалқы жер қорындағы жерлер 9912,2 мың га.

    Қайтарылған жерлерді айналымға енгізу

    Ақтөбе облысының әкімдігі Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүйелі жұмыстар жүргізуде.

    Нәтижесінде, 2022–2025 жылдар аралығында облыс бойынша жалпы көлемі 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 1 млн 92,3 мың гектар жер учаскесі қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

    Қалған 164,2 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігімен 2026 жылдың маусым айына дейінгі арнайы жоспар бекітілді. Жоспардың бірінші кезеңі шеңберінде 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін 28,7 мың гектар жерді айналымға енгізу көзделген болатын. Жыл қорытындысы бойынша нақты 31,5 мың гектар жер айналымға тартылып, жоспардың орындалуы 109,8 пайызды құрады.

    Ағымдағы жылы жоспардың екінші кезеңі аясында қосымша 7,3 мың гектар жер қайта айналымға енгізіліп, жұмыстар жалғасуда. Аудандар тарапынан жерге орналастыру жобаларының сәуір–мамыр айларында әзірленуіне байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстарды өткізу мамыр–маусым айларына жоспарланған.

    Сонымен қатар, жоспардың үшінші кезеңі аясында 97,4 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Осылайша, бүгінгі күні жалпы көлемі 136,3 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайта айналымға тартылды.

    Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоспарды толық көлемде орындау көзделіп отыр. Бұл ретте қайтарылған жерлердің 30 мың гектарын қайта айналымға енгізу және елді мекендердің жайылымдық жерлерін ұлғайту мақсатында 40 мың гектар жерді резервке қою жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

    Осылайша, жайылым тапшылығы бар кейбір аудандарда жайылымдық алқаптардың көлемі ұлғаюда. 2024 жылы жекелеген аудандар бойынша елді мекен жерлерінде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 97,0 мың гектарды құраса, қазіргі таңда 18,9 мың гектарға, яғни 80,5%-ға азайып отыр:

    - Мәртөк ауданы 2024 жылы 45,9 мың га – 2026 жылы 18,9 мын га.

    2022 жылғы Мемлекет басшысының жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мемлекетке қайтару бойынша нақты шаралар қабылданды. Осы бағытта 2026 жылы 80 мың га жерді қайтару жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 105 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып жоспар 131%-ға орындалды.

    Жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскелеріне түгендеу жүргізу

    Бүгінгі күні Басқарманың басты және өзекті мәселерінің бірі жер кодексінің 65, 140 баптарына сәйкес жер учаскесін пайдаланушылар жер учаскесін қалыпқа келтіруге (рекультивация) жасауға міндетті.

    2026 жылы жер қойнауын пайдаланушыларға 6 жер учаскесі табысталды.

    Анықтама:41 млн. теңге ауыл шаруашылығы шығасы өтеліп республикалық бюджетіне түсті.

    ҚР жер кодексінің 65, 140 баптарына сәйкес жер учаскесін пайдаланушылар жер учаскесін қалыпқа келтіруге (рекультивация) жасауға міндетті.

    Бұзылған жерлерді қалпына келтіру өзекті мәселерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта Басқарма тарапынан «Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ ағымдағы жылы мерзімі аяқталған 30 жер пайдаланушылар бойынша рекультивация жобаларын талап етіп қалпына келтіруге және әкімшілік жауапкерлілікке тартуға жұмыстанудамыз.

    Бүгінгі күні жер қойнауын пайдалануға берілген Ақтөбе қаласында орналасқан мерзімі аяқталған жер учаскелерін қайтаруға және қалпына келтіруге тиісті материалдар сотқа жолдануда.

    Базалық ставкаларды көтеру

    ҚР Жер кодексінің басты приципі ол - жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi. Басқарма салық базасын кеңейту мақсатында төлемақының базалық ставкаларына өзгеріс енгізуді ұсынып отырмыз.

    Төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы.

    Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы №328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулымен қабылданған.14 жыл аралығында салық базасын кеңейту мақсатында базалық ставкаларға өзгеріс енгізілмеген.

    Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласының базалық ставкасы қарастырылуда, 2026 жылдың басында бекітіліп беріледі.

    Бұрынғы базалық ставка 1 шаршы метрге 1287 болса, өзгертіліп отырған ставка 2450 теңге құрайды. Яғни 1000 шаршы метрдің кадастрлық құны бұрын 2 млн 574 мың болса, өзгертілген құны 4 млн 900 мың тг құрайды.

    Мысалы: аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылатын Алға, Қандыағаш, Эмба, Хромтау, Шалқар қалаларынның және Хобда, Шұбарқұдық, Қарауылкелді, Мәртөк аудан орталықтарында экономикалық дамуы қарқынды өсуде.

    Базалық ставканының көтерудің негізгі мақсаты – бұл өз кезегінде жер ресурстарын жауапты әрі тиімді пайдалануға және салық түсімдерін кеңейтуге атап айтқанда, білім беру денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту сияқты қоғамға қажетті жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретінің қосымша мәлімдейміз.

    Кестеде көрсетіліп отырғандай базалық ставканы көтерген жағдайда жергілікті бюджетке қаражатты 15 пайызға осы арқылы көтеруге болады.

    Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!

    Мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері