Қостанай облысында жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізу туралы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қостанай облысында жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізу туралы
    ОтырысАяқталды

    Облыстық әкімдікте Қостанай облысы әкімінің өкімімен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен құрылған мектеп оқушылары арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

    Отырысты облыс әкімінің орынбасары Е.К.Тасжүрековтың төрағалығымен, мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен өтті.

    Жұқпалы емес аурулар Қазақстан халқының сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымында жетекші орындардың бірін алады. Оларға жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, тыныс алу мүшелерінің аурулары, онкологиялық аурулар және басқа да созылмалы патологиялар жатады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, инфекциялық емес аурулардың үлесіне елдегі барлық өлім жағдайларының 80%-дан астамы тиесілі. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында сырқаттанушылықтың артуы алаңдатарлық жағдай болып отыр.

    Қостанай облысында соңғы 5 жылдағы медициналық статистиканы талдау нәтижелері бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік, гиподинамия, зат алмасу бұзылыстары және жұқпалы емес аурулардың басқа да қауіп факторлары белгілері анықталатын жағдайлардың өскені байқалады.

    Отырыс барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері де қаралды, профилактикалық шаралар әзірленіп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Брифинге қатысты

    Басшының орынбасары Г.К.Досумова АПВ профилактикасы: вакцинацияның жаңа жас тобы тақырыбындағы брифингке қатысты.

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Брифинге қатысты

    Басшының орынбасары Қостанай облысындағы жазғы туристік маусымға дайындыққа арналған брифингке қатысты.

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ашық есік күнің өткізді

    Департамент мамандары «Ашық есік күнің» өткізді. Іс-шара барысында келушілер балалардың сауықтыру нысандарына қойылатын санитариялық талаптармен таныстырылды. Негізінен түскен сұрақтар жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметіне қойылатын талаптар, нысандардың рұқсат құжаттарының болуы, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Брифинге қатысты

    Басшы орынбасары Г. К. Досумова брифингке қатысып, уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты.

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатыстық

    Департамент қызметкерлері «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына қатысты. 25 сәуірде акция аясында Мемлекет басшысы мен еліміздің барлық өңірлерінен келген өкілдер қатысқан телекөпір өтті. Триатлон саябағында облыс әкімі Құмар Ақсақалов, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, белсенді жастармен бірге әріптестер т...

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей