Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру туралы хабарлама

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Министрлікте аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.

    Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi Министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысандағы өтiнiш;

    2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

    3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

    Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші аккредиттеу туралы куәліктің үш және одан да көп көшірмелерін де ұсынады.

    Аккредиттелген бірлестіктер мен Министрлік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.

    Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2026 жылғы 26 наурыз

    2026 жылғы 26 наурызда Министрлік «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» туралы тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ағымдағы өзгерістер туралы ақпарат...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 желтоқсан

    2025 жылғы 18 желтоқсанда Министрлік «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі кейбір мәселелер» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлер...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 18 қыркүйек

    2025 жылғы 18 қыркүйекте Министрлік «Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың проблемалық аспектілері» тақырыптары бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қызметкерлерге конституциялық бақылаудың негізгі аспектілері түсіндірілді, соның ішінде норматив...

    ХабарландыруАяқталды

    ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбековтің Түркістан облысы Түлкібас және Сайрам аудандарының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыруы

    «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы №12 қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Б. Омарбеков 2025 жылғы 1 тамызда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түлкібас және Сайрам аудандарындағы объектілерді аралайды. Объектілерді...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 29 мамыр

    2025 жылғы 29 мамырда Министрлік «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі: негізгі аспектілері және 2025 жылғы өзекті өзгерістері» және «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде мөлшерлемелер жасауға шектеу қоюдын кейбір мәселелері туралы» тақырыпт...

    ХабарландыруАяқталды

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 30 қантар

    Анонс Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде семинар өткізу туралы 2025 жылғы 30 қантар 2025 жылғы 30 қаңтарда Министрлік «Нормашығармашылық қызметтің кейбір мәселелері» (құқықтық мониторинг жүргізудің жаңартылған қағидаларының негізгі ережелері, ғылыми сараптамаларды ұйымдастыру және өткізу), «Қол қ...