Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
    ХабарландыруАяқталды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

    «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды.Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

    Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

    «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

    Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей