ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - Тұрақты қоғамның кепілі

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - Тұрақты қоғамның кепілі
    НазначениеАяқталды

    Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның кепілі
    Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты негіздерінің бірі. Заң үстемдігі орнаған қоғамда әрбір азаматтың құқығы қорғалып, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттары берік орнығады.
    Бүгінгі таңда қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндетіне айналуда. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды факторлар.
    Осы бағытта аудан көлемінде мемлекеттік органдар, құқық қорғау мекемелері, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттар бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуде. Халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесулер, түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер мен акциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастар арасында заңға құрметпен қарау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.
    Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар, рейдтік жұмыстар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілуде. Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

    Ішкі саясат

    Ұқсас материалдар

    НазначениеАяқталды

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында “Таза бейсенбі” шарасы өтті. Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында Кеген ауылының көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы сөз сөйлеп, қоршаған ортаның тазалығы – өңірдің келбеті мен тұрғындардың мәдениетінің айқын көрсеткіші екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай игі бастамалардың аудан көлемінде тұрақты түрде жалғасып, әрбір тұрғындардың туған жерге жанашырлықпен қарауы маңызды екенін жеткізді

    НазначениеАяқталды

    Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і 2026 жылдың 24 тамызынан 31 тамызға дейін, 2026 жылдың I – жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2.4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқо...

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматы облысы Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылдың І-жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдама

    Алматы облысы Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылдың І-жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Кеген ауылы 31.08.2026 жыл КІРІСПЕ БӨЛІМ Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылд...

    БасқаАяқталды

    «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі Скаков Ернат Сембекұлы мекемедегі мемлекеттік қызметкерлерге Сыбайлас Жемқорлықтың алдын алу және заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    БасқаАяқталды

    "Адал кәсіпкер" өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды! Алматы облысының Кәсіпкерлік палатасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Заң және тәртіп" идеологемасы аясында өңір кәсіпкерлері арасында "Адал кәсіпкер" байқауын жариялайды.