Алматы облысы Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылдың І-жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Кеген ауылы 31.08.2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – ауылдық округ әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылдың 24-31 тамыз аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жалпы кезең 2026 жылдың І - жарты жылдығы болып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 Жарлығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қағидаларына» сәйкес келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:
АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ:
Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі өз қызметінде:
- ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен;
-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»;
- ҚР Азаматтық Кодексімен
- ҚР Жер Кодексімен
- ҚР Еңбек Кодексі
- Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесімен өз қызметін жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:
Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілід. Талдау нәтижесінде 2026 жылдың І-жарты жылдығында келіп түскен хаттар -107, орындалған шығыс хаттар-282. Негізгі қызмет бойынша 53-өкім, Жеке құрам бойынша 24-өкім. Негізгі қызмет бойынша 88-шешім шығарылды. Негізгі қызмет бойынша шешімдердің есебі жарты І-жарты жылдық бойынша талдау үшін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасына берілді. 2026 жылдың І-жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты қызметкерлерінде тәртіптік жаза алған мамандар жоқ. Жеке құрам бойынша өкімдер және негізгі қызмет бойынша өкімдер "E-Kyzmet" ақпараттық жүйесіне өз мерзімінде енгізіліп отырды. Кеген ауданы прокурорының есепті кезеңде шешім мен өкімдердің күшін жою туралы наразылықтары болған жоқ.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша:
Аппарат қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді тіркеу, уақытылы және сапалы орындау бойынша жауапты маман құрылымдық бөлімшенің басшысы Сұлтан Айдын Қасымханұлы бекітілген.Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің сайтына тұрғындар тарапынан өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Е-өтініш ақпараттық жүйесіне 31 өтініш, 3 жеке қабылдау электронды, түсіп толықтай қанағаттандырылды. Жеке қабылдаудан түскен өтініштер тіркеліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қанағаттандырылды.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;
«Кеген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекетті қызмет көрсету бойынша: Е-лицензирование ақпараттық жүйесі бойынша жеке тұлғалардан «Сауда - саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша 144 өтініш түсіп, оның ішінде: І-этап бойынша уәкілетті органға жолданып, 15 шешім берілді, 14 дәлелді бас тартылды, 23 оң қорытынды алды, 21 өтінішті кері қайтарып алды. Түскен өтініштер бойынша шағым келіп түспеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым келіп түспеді.
2026 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес көрсетілген қызметтер бойынша өтініш берушілерден шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат бар стендтер ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округте тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жер учаскесін алуға кезекке тұрған тұлғалар туралы мәлімет ақпараттық тақтада ілінген.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша округ әкімінің аппараты тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы:
Есептік кезеңде округ әкімі аппаратының мамандары Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
- Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:
2026 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Кеген ауданының «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің штат саны 10 адамды құрайды.
Округ әкімі аппаратының штат саны 10 бірлік, оның ішінде: Кеген ауылдық округінің әкімі – 1 бірлік, округ әкімінің орынбасары – 1 бірлік, құрылымдық бөлімше басшысы – 1 бірлік, бас мамандар-7.
Талдау кезеңінде округ әкімі аппаратының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтар, сондай-ақ теріс қылықтар болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатарынан лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне демалыс беру бекітілген кестеге сәйкес және қатаң түрде мемлекеттік қызмет туралы Заңға және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды аудандық кадрлар басқармасының бірыңғай қызметі жүзеге асырады.
Округ әкімінің аппаратында кадрлардың ауысуы болған жоқ.
Кеген ауылдық округінің әкімі Е.Скаков
Құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Сұлтан