Қызылордада алғашқы үшем дүниеге келді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қызылордада алғашқы үшем дүниеге келді
    ХабарландыруАяқталды

    Нұрсұлтан мен Мөлдір Баймановтар отбасында бірден үш қыз – Хадия, Жания және Дания дүниеге келді. Балаларды қорғау халықаралық күніне орайАзаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы сәбилерге туу туралы куәліктерін табыстады.

    Нәрестелер мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Жуырда қыздар анасымен бірге перзентханадан аман-есен шығарылды.

    Үшемнің дүниеге келуімен Баймановтар отбасы бұрынғыдан да үлкен шаңыраққа айналды. Жаңа туған үш бүлдіршіннен бөлек, отбасында үлкен қыздары мен ұлдары тәрбиеленіп жатыр. Көпбалалы ана Мөлдірдің айтуынша, бірден үш қыздың өмірге келуі отбасы үшін зор қуаныш болған.

    «Біз өте бақыттымыз. Отбасымыз үшін бұл – үлкен қуаныш әрі тағдырдың ерекше сыйы. Көпбалалы ана атанғаныма қуаныштымын. Барлық уайым мен алаңдаушылыққа қарамастан, бүгін жүрегімізді тек қуаныш пен шүкіршілік сезімі кернеп тұр», – дейді анасы.

    Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда облысында 5686 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 49 егіз тіркелген. Баймановтар отбасындағы үшем – биыл облыста тіркелген алғашқы үшем.

    «Үшемнің дүниеге келуі – тек отбасы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін ерекше әрі қуанышты оқиға. Балаларды қорғау халықаралық күні сәбилерге алғашқы құжаттарын табыстау біз үшін үлкен мәртебе. Баймановтар отбасын шын жүректен құттықтап, бүлдіршіндерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директорыАида Абибуллаева.

    Сонымен қатар облыстық филиал атынан «Талсуат» балалар орталығының тәрбиеленушілеріне арнайы сыйлықтар табысталды.

    Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, оларға қамқорлық пен қолдау көрсетілді.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей