Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті балалар және ата-аналар!

    Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз қабілетін жан-жақты дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Бұл мереке – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегін қалыптастыратын азаматтар. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы тәрбие мен білім беру – қоғам алдындағы жауапты міндет.

    Осынау мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, оқуда табыс, биік белестер мен асқақ армандардың орындалуын тілеймін.

    Балалардың болашағы жарқын, өмір жолы нұрлы, келешегі кемел болсын!

    Ізгі тілекпен,

    Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы

    Амангелді Шаймұратұлы

    Жалпы орта білім беруді дамыту

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    5 қазан – Ұстаздар күні!

    Құрметті ұстаздар, ардақты әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойында адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастырып, болашағына бағыт-бағдар беретін қадірлі маман. Сіздердің шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз...

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    Ақсуат ауылы мәдениет үйіАқсуат аудандық білім бөлімі
    ҚұттықтауАяқталды

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні

    Құрметті ардагер ұстаздар, қадірлі қариялар! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – халқымыздың баға жетпес қазынасы, рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін ақыл-ой мен өмірлік тәжірибенің қайнар көзісіздер. Әсіресе, саналы ғұмырын ұрпақ...

    ҚұттықтауАяқталды

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге және толағай табыстарға толы болсын! Әр шәкірттің білімге деген құштарлығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті болсы...

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Ақсуат аудандық білім бөлімі
    ХабарландыруАяқталды

    27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

    Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз! Бірге жақсылық жасап, балаларға қуаныш сыйлайық!

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    «Нұр-Ақсуат» базарыАқсуат аудандық білім бөлімі
    ҚұттықтауАяқталды

    25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн. Түлектер үшін бұл – білім мен тәрбиенің, еңбек пен ізденістің нәтижесін саралайтын айтулы...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл айтулы мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың жарқын белгісі. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы әрі жарқын болашағының кепілі. Әр шаңырақ...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы

    Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жыл басы әрқайсыңызға жаңа қуаныш, шаттық және игі бастамалар әкелсін. Бұл жарқын мереке әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық сыйласын. Көктемнің шуақты күндерімен бірге өмірлеріңізге тың идеялар, жаңа жетістіктер және шығ...