Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қызылордада Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай 11 жұп некесін қидырды
    ХабарландыруАяқталды

    Қызылорда қаласында Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні аясында жас жұбайларға арналған мерекелік рәсім ұйымдастырылды. Салтанатты шара ерекше атмосферада өтіп, ұлттық дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған мазмұнды бағдарламаға ұласты, деп хабарлайды мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалы.

    Мерекелік күннің басты сәті - 11 жұптың неке қию рәсімі болды. Жас жұбайларға неке куәліктерін 50 жыл отасқан Жұмабай ата мен Жұмакүл әже табыстады. Бұл ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық құндылықтардың маңызын айшықтай түскен тағылымды көрініс болды.

    Жас жұбайлардың бірі Ернұр Өмірбеков пен Нұрай Қонысова бұл күннің олар үшін ерекше екенін атап өтті:

    «Осындай мәні терең мерекеде шаңырақ көтеру – біз үшін үлкен бақыт. Бұл күн өмірімізде ұмытылмас сәт болып қалары анық. Барша жас жұбайларға бақыт тілейміз», - атап өтті жас жұбайлар.

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова шараның мән-маңызына тоқталды:

    «Бұл мереке – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отбасы институтын нығайтудың жарқын үлгісі. Бүгінгі жастардың осындай ерекше күні шаңырақ көтеруі – қуанышты жағдай. Жыл басынан бері облысымызда 635 неке тіркелді. Бұл көрсеткіш өңірде отбасы құруға деген жауапкершілік пен қызығушылықтың жоғары екенін аңғартады», - деді Жанар Абдрайхановна.

    Іс-шара барысында ұлттық бұйымдар көрмесі қойылып, қонақтар қазақы нақыштағы қолөнер туындыларымен танысты. Сонымен қатар, арт-сурет салу алаңы ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХҚКО-да «Әділет кеңес береді» акциясы өтті

    Бүгін №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өтіп, облыс тұрғындары нотариус, жеке сот орындаушысы және Әділет департаментінің мамандарынан бір жерде құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы облы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды

    Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді. Кездесу тәжірибе алмасу форматы...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тамыз айынан бастап Қызылордадағы ХҚКО-ның кезекші мекенжайлары өзгереді

    1 тамыздан бастап Қызылордадағы кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді. Енді қала тұрғындары Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е жаңа мекенжайы бойынша қабылданады. Осы кезге дейін кезекші ХҚКО Астана даңғылы, 46 мекенжайында орналасқан болатын. Жаңа мекенжайға ауыстыру азаматтарға қызмет көрсетуді...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлек...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 47 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргіз...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсәп бөлімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 12 б/нқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының кәсіпкерлік өнеркәсіп бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған бай...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Хабарландыру

    Арал ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №17 бұйрығына сәйкес, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізілуде. Осыған байланысты, Арал ауданының экономика және қаржы бө...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2026 жылғы 25 маусымдағы № 88 б/жқ бұйрығына сәйкес, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талда...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей