Маңғыстау облысы әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Маңғыстау облысы әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!

    Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

    Құрбан айт – имандылық пен ізгілікті, жанашырлық пен мейірімділікті дәріптейтін ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз ата-бабадан жалғасқан игі дәстүрлерді жаңғыртып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, сауапты істер жасауға ұмтылады. Айт мерекесі адамдар арасындағы татулық пен бауырластықты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың арта түсуіне ықпал етеді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Құрбан айт – «ырысты ынтымақтың мерекесі». Расында, халқымыздың берекелі бірлігі мен өзара сыйластығы осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Біз татулық пен тұрақтылықты сақтай отырып, ел игілігі жолындағы барлық мақсаттарға бірге жетеміз.

    Айт күндері жасалған барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болып, шалған құрбандықтарыңыз бен қайырымды амалдарыңыз сауаптан жазылсын!

    Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

    Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті ауыл тұрғындары! Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның қасиетті нышандары, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухының көрінісі. Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-бере...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Халықаралық балаларды қорғау күні!

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отб...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей