Халықаралық балаларды қорғау күні!

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Халықаралық балаларды қорғау күні!
    ҚұттықтауАяқталды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

    – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет. Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды. Өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті ауыл тұрғындары! Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның қасиетті нышандары, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің айқын белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухының көрінісі. Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-бере...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Маңғыстау облысы әкімінің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

    Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – имандылық пен ізгілікті, жанашырлық пен мейірімділікті дәріптейтін ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз ата-бабадан жалғасқан игі дәстүрлерді жаңғыртып, мұқтаж жандарғ...

    27 мамыр 2026 ж.Тікелей