Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына
    ХабарландыруАяқталды

    Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына:

    • Түркия Республикасының аумағында заңды түрде болуға және білім алуға құқық беретінықтиярхатты(кимлик) уақтылы рәсімдеу және ұзарту қажеттігіне назар аударамыз;
    • Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайдаеңбек қызметімен айналысу заңсыз екеніненазар аударамыз (студенттік кимлик жұмыс істеу құқығын бермейді).
    • Әуежайда бейтаныс адамдардың заттары мен багажыналуға болмайтынынаназар аударамыз;
    • Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін қатаң сақтауқажеттігіне назар аударамыз;
    • Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге болмайтынынаназар аударамыз;
    • Әрдайым өзімен бірге ықтиярхатты(кимлик)алып жүруқажеттігіне назар аударамыз;
    • Медициналық сақтандыру полисінуақтылырәсімдеуқажет екендігіненазар аударамыз;
    • Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аудару;
    • Тұрғын үйді жалға алу шарттарын жасау кезінде ерекше мұқият болуды, оның ішінде келісімшарт талаптарын, жалдау мерзімдерін және жалға берушінің ресми тіркелуін тексеру қажеттігіне назар аударамыз;
    • Қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде, әсіресе үшінші тұлғаларға ақша аудару және бейресми қаржылық қызметтерді пайдалану барысында сақтық шараларын таныту қажет екендігіне назар аударамыз;
    • Жеке басын куәландыратын құжаттарды, банк карталарын және электрондық мемлекеттік сервистерге қолжетімділік деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтынына назар аударамыз;
    • Контрабанда болып есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынына назар аударамыз(темекі, электрондық темекі, ұялы телефон, жаңа тауарлар және т.б.);
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану қажеттігіне назар аударамыз.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

    Туристік маусымның басталуына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Түркия аумағына келетін туристер санының арту ықтималдығына орай Түркияға баруды жоспарлаған азаматтарға келесі мәселелерге назар аудару ұсынылады: Шетелге шығар алдында визалық талаптармен мұқият танысуды(Ыстанбұл қаласы арқылы транзитп...

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей