2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті.

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті.
    ФорумАяқталды

    2026 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті.

    Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығының маңызын түсіндіру, жастарды саналы әрі жауапты тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу, интернет кеңістігінде сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту.

    Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, тіл саласының мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдері, зиялы қауым, жастар және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

    Іс-шара Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Мәдениет үйі алаңында «Саз Нұрғиса» жас домбырашылар ансамблі композитордың «Әлқиса» күйін орындады. Сонымен қатар қонақтар фойеде ұйымдастырылған тіл, мәдениет және білім салаларында цифрлық технологияларды қолдану бағытындағы көрмені тамашалады.

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы тіл мәдениетіне жаңа талаптар қойып отырғанын атап өтіп, сөз құндылығын сақтау – бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.

    Шара барысында өңірдегі тіл саясатын жүзеге асыруға айрықша үлес қосқан азаматтар мен мекеме ұжымдары арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Мемлекеттік тіл – мерейім», «Сауатты жарнама – сапалы қызмет», «Жаңа дәуір үні», «Тілдарын», «Тілге қызмет – елге қызмет», «Құжат шебері – тіл зергері», «Тіл тазалығының тірегі» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

    Аталған жоба аясындағы іс-шаралар облыстың Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қорытындыланды. Нәтижесінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі және іс-шараны сапалы өткізгені үшін әр ауданға қаржылай сертификаттар табысталды.

    Шара барысында «Шин-Лайн» компаниялар тобының вице-президенті Дамир Дигай құттықтау сөз сөйлеп, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ақыл Жандос арнайы жобаны таныстырды.

    Сонымен қатар «Таңдау», «Көптілділік – көкжиек» тақырыптарында сахналық көріністер қойылып, оқушылар бірнеше шет тілінде өлең оқыды. Шетелде тәжірибе жинақтаған маман өз тәжірибесімен бөлісті.

    Тілдерді дамыту

    Ұқсас материалдар

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қонаев қалалық кітапханасының ғимаратында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру шарасы өткізілді.

    Қонаев қалалық кітапханасының ғимаратында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру шарасы өткізілді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қы...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында облыстық іс-шара өтті.

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 30 сәуірде Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында облыстық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениетінің, тіл тазалығы мен сөз құндылығы...

    30 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті.

    Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» облыстық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты: Цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениеті...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы ММ-нің 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезеңіндегі бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша жария талқылаулардың басталғанын хабарлайды.

    https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4085788?editable=false

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті.

    Бүгінгі жаһандану дәуірінде бірнеше тілді меңгеру – тек артықшылық қана емес, заман талабы.Осы орайда Алматы облысында 2025 жылғы 15 желтоқсан күні «Көп тіл – бір әлем» атты облыстық жиын өтті.Жиынға облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төраға...

    15 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды

    📢 Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыстары мәслихатта тыңдалды 24 қыркүйек күні басқарманың 2025 жылғы жұмыстары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қаралды. Басқарма басшысының м.а. Н.Т. Оқас «Көрнекі ақпараттар мен жарнамалар – тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында баяндама жасады. ✨ Жыл ішінд...

    24 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Алматы облысында ономастика саласына арналған облыстық семинар өтті

    Алматы облысында ономастика саласына арналған облыстық семинар өтті 2025 жылғы 19 қыркүйекте, Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар ұйымдастырылды. Жиынға ҚР Мәдениет және ақ...

    19 қыркүйек 2025 ж.Тікелей