Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің "Халық әуені" концерті өтті

    Орган
    Орны
    в городском Дворце культуры Лисаковска
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Лисаков қаласында Құрманғазы оркестрінің "Халық әуені" концерті өтті
    Шығармашылық кешАяқталды

    Кеше Қостанай облысындағы гастрольдік сапары аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Лисаков қаласындағы мәдениет сарайында өнер көрсетті. Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырылды.
    «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы аясындағы рухани кеште көрермендер қазақтың дәстүрлі күй өнерінің үздік туындыларын тыңдап, ұлттық музыка мәдениетінің терең мазмұнымен қауышты.
    Концерт бағдарламасында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің жауһар шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқов туындылары және әлемдік классикалық шығармалар орындалды.
    Оркестрдің кәсіби орындау шеберлігі, сахналық мәдениеті мен ұлттық нақышқа бай репертуары көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
    Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова арнайы өнер көрсетті.
    «Халық әуені» жобасы Лисаков қаласының тұрғындарына ұлттық өнердің тағылымы мен рухани құндылықтарын насихаттайтын мазмұнды мәдени кеш сыйлады

    Мәдениет

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Лисаков қаласының әкімі А.Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі.

    2026 жылғы 26 маусымда қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимаратында Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевтың қала тұрғындарымен кездесуі өтті. Тікелей эфир қала әкімдігінің Instagram-дағы (@lisakov_akimdigi) ресми парақшасында көрсетілді. Әкім ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрс...

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    «Қызметтік автокөлікті пайдалану тәртібі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту»

    Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Лисаков қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Шектыбаев әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен, қала кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің басшыларымен аппараттық кеңесте қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігін еске салып, Қазақстан Республик...

    26 қаңтар 2026 ж.Тікелей