БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет бойынша іске қатысты үкім шығарылды

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет бойынша іске қатысты үкім шығарылды
    Пресс-релизАяқталды

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

    Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет бойынша іске қатысты үкім шығарылды

    Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотымен «Аванс 07» ЖШС-нің басшысына қатысты тиісті лицензиясыз заңсыз микрокаржылық қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша үкім шығарылды.

    Тергеуді Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА-нің департаменті жүргізді.

    Сот қарауы барысында 2021–2025 жылдар аралығында азаматтарға ақша беру қызметі «Uralsk zoloto» комиссиондық дүкені атын жамылып жүргізілгені анықталды.

    Заңсыз қызметті жасыру мақсатында комиссия және зергерлік бұйымдарды сақтау шарттары рәсімделген, алайда іс жүзінде азаматтарға уәкілетті органның лицензиясынсыз пайызбен қарыз берілген.

    Заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 155 млн теңгеден асты.

    Тергеу барысында Департамент қызметкерлерімен 2000-нан астам келісімшарт, электрондық тасымалдағыштар, құжаттар және ақша қаражаттары тәркіленді.

    Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 214-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 479 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    БҚО бойынша ЭТТД

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Еңбек ұжымдарымен кездесу

    Еңбек ұжымдарымен кездесу Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Шараның басты тақырыбы — қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтыққа, соның ішінде фишингке қарсы іс-қимыл болды. Кездесу барысында ЭТД өкілдер...

    7 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Сақтансан, сақтармын

    ORAL:Сақтансан, сақтармын Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері егде жастағы азаматтарды қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық акцияны өткізді. Осы мақсатта қызметкерлер «Күміс жастағы» жандарға арналып, ашық аспан астында ұйымдастырылған арнайы би кешіне барды. Іс-шараның негізгі мақсаты — а...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

    Көлеңкелі экономика бойынша комисси 2026 жылғы 30 маусымда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Мұлқайдың төрағалығымен қаржылық саладағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған отырыс өтті. Шараға шақырылған мемлекеттік сатып алу басқармасы мен облыс әкімдігі басқармаларының...

    1 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел

    ORAL:Валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге, жөнелтуге және аударуға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлек...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Студенттермен кездесу

    ORAL: Студенттермен кездесу БҚО бойынша ЭТТД ҰББ-ның жедел уәкілі Жоғары аграрлық-техникалық колледжде өткен іс-шараға спикер ретінде қатысты. Кездесу барысында ол студенттер алдында сөз сөйлеп, дропперлік тақырыбына — қаржылық құқықбұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі — кеңінен тоқталды. Спикер дропперлер дег...

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу: БҚО-да кредиттік серіктестік басшысы сотталды

    Бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу: БҚО-да кредиттік серіктестік басшысы сотталды Батыс Қазақстан облысында алаяқтық, өкілеттіктерін теріс пайдалану және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша бұрынғы кредиттік серіктестік басшысына қатысты сот үкімі шығарылды. Батыс Қазақстан облы...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Оқу-жаттығуАяқталды

    Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

    Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде Батыс Қазақстан облысында «Заң және Тәртіп» нарративі аясында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алдын алу акциясы басталды. Оның мақсаты — жастарды қаржылық тәуекелдер мен интернет-алаяқтықтан қорғау. «Заң және Т...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ORAL: Профилактикалық акцияның бастауы

    ORAL: Профилактикалық акцияның бастауы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы акцияны бастады. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа қазіргі заманғы экономиканың қалай жұмыс істейтінін және цифрлық әл...

    15 маусым 2026 ж.Тікелей