
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 6 мамырда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, «Қызылжар су қоймалары» КММ және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Акция барысында Жеңіс саябағы маңындағы Есіл өзенінің жағалауы тұрмыстық қоқыстар мен бейберекет жиналған қалдықтардан тазартылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жағалау аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару болды.