Мағжан Жұмабаев ауданында ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өтті

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мағжан Жұмабаев ауданында ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өтті
    КеңесАяқталды

    2026 жылғы 06 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Р.Н. Смағұлов ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

    Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты.

    Жыл басынан бері облыста вакциналау еселігін ескере отырып, 1,2 млн.манипуляция жүргізілді, 300 мың бас жануар зерттелді.

    2026 жылы ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

    Мал басының санын және ауыл шаруашылығы құралымдарының шоғырлануын ескере отырып, 2026 жылы Бәйтерек, Возвышенка, Қарақоға, Советское және Надежка ауылдарында 5 ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданда мал қорымдарын салу, ветеринариялық көмекші жабдықтар сатып алу жұмыстары жалғасатын болады. «Акопян В.А.» ЖК-нің 1 сою алаңын меншікті қаражат есебінен сою пунктіне ауыстыра отырып реконструкциялау жоспарлануда.

    Соңғы 3 жылда, сондай-ақ ағымдағы жылы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттер тіркелмеген, эпизоотиялық жағдай тұрақты болып қалуда.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Таза Қазақстан

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты 4 сәуір күні, басқарма қызметкерлері шетте қалмай, туған қаламызды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Біз бекітілген аумақтарды тазалап, тәртіпке келтіріп, таз...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    Тимирязев ауданының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қорытындылары мен перспективалары

    2026 жылғы 22 сәуірде Тимирязев ауылының аудандық әкімдігінде «Тимирязев ауданының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қорытындылары мен перспективалары» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Іс-шара аудан әкімі Ерлан Қайырұлы Жаровтың төрағалығымен өтті. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқарма...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ашық есік күні

    Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет апталығы» аясында ветеринария басқармасы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Басқармаға №24 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары таныстыру экскурсиясымен келді. Кездесу барысында басқарма қызметкерлері түлектерге ведомствоның негізгі міндеттері мен функциялары туралы,...

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей