Құттықтау

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Құттықтау
    ҚұттықтауАяқталды

    2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында «Әділетті Қазақстан — тұрақтылық пен дамудың кепілі» халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Үздік еңбек адамы» республикалық патриоттық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

    Конкурс еңбек беделін арттыру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жоғары білікті мамандарды анықтау және көтермелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өткізілді.

    Конкурстың нәтижелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ бас маманы - Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Әлменова Сабина Ғалымбекқызы I дәрежелі дипломға ие болды марапаттау аясында «Үздік еңбек адамы» төсбелгісімен және ескерткіш мүсінімен марапатталды. Сондай-ақ мекеме басшысының атына алғыс хат жолданды.

    Әлменова Сабина Ғалымбекқызы білікті маман, 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар, кәсіби ортада беделге ие және Қостанай облысының ветеринариялық қызметін дамытуға елеулі үлес қосады.

    Сабина Ғалымбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз!

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    Таза Қазақстан

    2026 жылғы 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының қызметкерлері Қостанай ауданындағы Экопарк аумағын ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізді.

    КеңесАяқталды

    Қостанай облысында жануарларға жауапкершілікпен қараудың жаңа қағидалары қарастырылды

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасымен бірлесіп отырыс өткізді. Отырыс барысында жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу мәселелері қаралды. Отырыс барысында мынадай нормативтік құқықтық актілердің жобалары таныстырылып, талқыланды: * Қостан...

    Рабочая поездкаАяқталды

    Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысында болды

    2026 жылғы 19 тамызда ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аманғали Бердалин Қостанай облысында болды. Жұмыс сапары барысында Алтынсарин ауданы Большая Чураков ауылдық округінің аумағында облыстың ветеринариялық қызмет өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және вете...

    ҚұттықтауАяқталды

    Құттықтау

    Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адал қызметі үшін Сарыкөл ауданы бойынша бас маман Иргибаева Дариха Жүсіпбекқызы Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды, сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және жоғары кәсіби нәтижелерге...

    СеминарАяқталды

    Оқыту

    Биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Талгат Калбекулы Шамшадин 2026 жылғы маусымның 1 мен 5 аралығында Астана қаласында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) Пандемияға қарсы қордың қаржылық қолдауымен іске асырып жатқан «Орталық Азиядағы «Біріңғай денсаулық» тәсілі негізі...

    КездесуАяқталды

    Ветеринария басқармасының басшысы Алтынсарин ауданында өткен кеңеске қатысты

    Алтынсарин ауданында ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаевтың, әкімдік пен ауыл шаруашылығы өндірушілері өкілдерінің қатысуымен көктемгі егіс жұмыстарын бастау мәселелері бойынша кеңес өтті. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды жүргізу мәсел...

    КеңесАяқталды

    Басқарма басшысы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Ветеринария басқармасында қалалар мен аудандардың ведомстволық бағынысты ветеринариялық станциялары басшыларының, сондай-ақ басқарма өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды сапалы өткізу кеңестің негізгі тақырыбы болды. Кездесу барысында жануарларды уақтылы вакцинациялау, ветерина...