Алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтарымен дөңгелек үстел

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтарымен дөңгелек үстел
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 9 сәуірде МКК Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметовтың төрағалығымен алкогольсіз және энергетикалық сусындар өндірушілері мен дистрибьюторларының, сонымен қатар салалық қауымдастықтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараның мақсаты – акциздердің толық әрі уақтылы төленуін қамтамасыз ету, өнімнің заңсыз айналымы деңгейін төмендету және нарықтың ашықтығын арттыру.

    Кездесу барысында өнімнің заңсыз айналымы, акциздік салық салу мәселелері және тауарлардың қадағалануын күшейтуге бағытталған ықтимал шаралар қаралды.

    Энергетикалық сусындар нарығы Қазақстан Республикасы аумағында жалпы қалыптасқан және тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді.

    Негізгі тұтыну кәмелетке толған аудиторияға тиесілі, сондай-ақ нарық қатысушылары қолданыстағы шектеулер мен заңнама талаптарын сақтауға мүдделі екенін білдірді.

    Өндірістің елеулі бөлігі Қазақстан аумағында шоғырланған, және бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстандық кәсіпорындар өнімдерін Орталық Азия, Кавказ елдеріне және басқа да шетелдік нарықтарға экспорттайды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар нарықты реттеу және тауарлардың қадағалану тетіктерін жетілдіру бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық органдармен және мүдделі мемлекеттік құрылымдармен үйлестіру жұмыстарын күшейте отырып, акцизделетін өнімдердің айналымын бақылау тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Астанада стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жөніндегі халықаралық семинар өтуде

    2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Астанада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) ұйымдастырған «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау (СТСБ)» тақырыбындағы халықаралық семинар өтуде. Семинарға Қазақстан Республикасы...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    Рабочая поездкаАяқталды

    «Жібек жолы» жаңғыртылған өткізу пункті өткізу қабілетін едәуір арттырады

    2026 жылдың 8 шілдесінде жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне барды. Онда олар ЕАЭО сыртқы шекарасының Қазақстан-Өзбекстан учаскесі...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына сайланды

    2026 жылғы 25 - 27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) штаб-пәтерінде өткен Ұйым Кеңесінің 147-ші және 148-ші сессияларына қатысты. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республи...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Ақтөбеде жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістері талқыланды

    2026 жылғы 30 маусымда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп Mybuh.kz "халық бухгалтері" ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында бизнес өкілдері, бухгалтерлік қоғамдастық және салық төлеушілер үшін ашық семинар өткізді. Іс-шара Мемле...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Петропавл қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» семинары өтті

    2026 жылғы 19 маусымда Петропавл қаласында MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановпен бірлесіп, салық төлеушілерге арналған «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Атырауда кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді

    23 маусым күні Қазақстанның мұнайлы астанасы - Атырау қаласында, шағын және орта бизнес субъектілері өңірдегі ірі кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайтын өңірде, «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК арасындағы ашық диалог» жобасы аясындағы кезекті семинар өтті. Іс-шараға MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өк...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының азаматтармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті

    2026 жылғы 15 маусымда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен ашық кездесуі өтті. Іс-шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар,...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ақмола облысында ТМД елдерінің кеден қызметтері басшылары кеңесінің 82-отырысы өтті

    2026 жылғы 11 маусымда Бурабайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің (ТМД КҚБК) 82-отырысы өтті. Кеңес кедендік әкімшілендіруді дамыту, кедендік бақылауды жетілдіру және ТМД кеңістігіндегі экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келісілген тәсілдерді қалып...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей