Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А

    Орган
    Орны
    Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Алиакбаров көшесі 24
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облысы, Сырдария ауданының мәслихаты № 4, 10 округтік сайлау комиссиясының және № 154, 156, 159, 164, 166, 168, 169 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы04 мамырдан20 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

    1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;

    2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

    3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.

    Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

    Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

    Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

    Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 20 мамырға дейін, дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.

    Сырдария аудандық мәслихаты

    Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы – Е.Е.Әжікенов.

    Мәслихаттың орналасқан жері: Сырдария ауданы, Алиакбаров көшесі, 24.

    Жауапты тұлғалар – Токманов Самат Тасболатович, қызметтік телефондарының нөмірі: (872436)21057, (872436)21544, ұялы.тел: 87057235111,

    электрондық пошта мекенжайы: [email protected]

    Өтініш нысаны

    Ұсыным нысаны

    Сырдария аудандық мәслихаты 9 кандидатты - округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды.

    № р/н

    Сайлау учаскесінің нөмірі

    Сайлау комиссиясының орналасқан жері
    (мекен-жайы, сайлау комиссиясы орналасқан ғимарат)

    Кандидатура саны

    1

    2

    3

    4

    Округтік сайлау комиссиясы

    1.

    №4

    Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов ауылы, Абай көшесі №1, А.Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты

    1

    2.

    №10

    Сырдария ауданының Бесарық ауылы, А.Дүйсенбаев көшесі №27, Бесарық ЖШС-нің ғимараты

    1

    Учаскелік сайлау комиссиялары

    1.

    №154

    А.Тоқмағанбетов ауылы, Е.Боранбаев №1 көшесі,

    «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің» №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

    1

    2.

    №156

    Тереңөзек кенті, Д.А.Қонаев №23. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    1

    3.

    №159

    С.Сейфуллин ауылы, Сәрке батыр№26. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№137 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    1

    4.

    №164

    Шаған ауылы, А.Атақаев №3А. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№37 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    1

    5.

    №166

    Шіркейлі ауылы, Ж.Құттыбаев №4. «Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппаратының Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    1

    6.

    №168

    Бесарық ауылы, А.Дүйсенбаев №29. «Қызылорда облысының білім басқармасының Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «№147 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    1

    7.

    №169

    Аманкелді ауылы, Қ.Баймағанбетов №17.

    «Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    1

    Сайлау комиссиялары

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруЖақында

    Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 53 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 53 сессиясы 2026 жылғы 07 тамыз күні сағ: 10-00 – де аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 09-30- да өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады: 1. Сырдария ауданы әкімінің ауд...

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Абай көшесі, № 31)
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 52 сессиясы 2026 жылғы 15 шілде күні сағ: 09:30 – де аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 09:00 да өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселе ұсынылады: 1. «Сырдария ауданының кент жән...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Алиакбаров көшесі 24
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 51 сессиясы 2026 жылғы 9 шілде күні сағ: 09:30 – да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 09:00 де өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады: 1. «2026 – 2028 жылдарға арналған ауданды...

    9 шілде 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Абай көшесі, № 31)
    ХабарландыруАяқталды

    Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының Н А З А Р Ы Н А

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қызылорда облысы Сырдария ауданының мәслихаты аумақтық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссия...

    12 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Алиакбаров көшесі 24
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 49 сессиясы 2026 жылғы 29 сәуір күні сағ: 11:00 – да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 10:00 да өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады: 1. 2025 жылға арналған аудандық...

    29 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Абай көшесі, № 31)
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 48 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 48 сессиясы 2026 жылғы 16 наурыз күні сағ: 15:30 – да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 15:00 де өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады: «Сырдария ауданы әкімдігі...

    16 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 46 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезекті 46 сессиясы 2026 жылғы 18 ақпан күні сағ: 11:00 – де аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 10:00 де өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады: 1. Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және...

    18 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында (Абай көшесі, № 31)
    ХабарландыруАяқталды

    Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясын шақыру туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    ХАБАРЛАНДЫРУ VІІІ шақырылған Сырдария аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы 2025 жылғы 23 желтоқсан күні сағ: 15:30 – да аудан әкімдігінің мәжіліс залында шақырылады. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат: 15:00 де өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне келесі мәселе ұсынылады: Сырдария ауданының кент жә...

    23 желтоқсан 2025 ж.Тікелей