Ақтөбеде ономастка саласындағы өзгерістер талқыланды

    Орган
    Орны
    город Актобе
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Ақтөбеде ономастка саласындағы өзгерістер талқыланды
    ОтырысАяқталды

    Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат DKnews.kz. Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен "Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс" тақырыбында республикалық семинар өтті. Сарапшылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастикалық саланы орталықтандыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулармен заң нормаларын түсіндірді. "Тарихи тұлғалар", "Жер-су атаулары" және "Дәстүрлі атаулар" өзекті тізбесіне, сондай -ақ өзгертулер мен толықтырулармен әдістемелік ұсыныстарға назар аударылды. Сондай -ақ, қатысушылар ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, жаңартылған ономастикалық атауларды халық кеңінен қолданатын карталармен (Yandex, 2GIS) және навигация құралдарындағы ономастикалық атаулармен біріздендіру жан- жақты талқыланғанын айтты. Сонымен қатар, семинарда елді мекендердің бастапқы және тарихи атаулары мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай -ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұсынылған шаралар қарастырылды. Семинар жұмысына Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, Өңірлердегі ономастика қызметіне жауапты басқармалардың басшылары, сондай -ақ Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Ономастика

    Ұқсас материалдар

    Рабочая поездкаАяқталды

    Ақтөбе қаласында тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Ақтөбе қаласында тіл туралы заңнаманың орындалуы бойынша мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілуде.Ақтөбе облысының тілдерді дамытубасқармасының мамандары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген тексеру жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ-де «Қазақстан Республи...

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    📝 Ақтөбеде қаламгерлерге «Қазына» гранты табысталды

    Ақтөбеде қаламгерлерге «Қазына» гранты табысталды Облыс әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Жазушылар одағының өңірдегі мүшелеріменкездесті. Басқосу әдебиет пен руханиятты дамыту, шығармашылық иелерін қолдау және алдағы жоспарларды талқылауға арналды. Аймақ басшысы өз сөзінде келелі кездесудің мән-маңызын айқындап, 2025 жы...

    30 желтоқсан 2025 ж.Тікелей