Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек кенті мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізедіСырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек кенті мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының құзыретіне кіретін мәселелер саласында әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар бойынша ішкі талдау жүргізеді
Талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 04-31 мамыр күндері аралағында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Осыған орай Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек кенті мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты ақпараттарыңыз, арыз-шағымдар мен ұсыныстарыңыз болса, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі №8 мекен жайында орналасқан «Тереңөзек кенті мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 22-5-38 нөмірі арқылы және terenozek.kent86 @mail.kz электронды мекен жайына хабарласуға болатындығы жеткізіледі.
Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.