2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді
    КонкурсАяқталды

    Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлайды, жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады.

    Конкурс келесі номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейде өткізіледі:
    - «Үздік еңбек династиясы»
    - «Үздік жас өндіріс қызметкері»
    - «Үздік жұмыс істейтін жастардың тәлімгері»

    «Үздік еңбек династиясы» номинациясында ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие ең көп әулет таңдалады. Еңбек әулеті қазіргі уақытта еңбек қызметін атқарып, осы кәсіпорында кемінде 20 жыл жиынтық жұмыс өтілі бар бір ұйымның жұмыскерлер тобын, бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағын (ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де балаларымен немесе немерелерімен бірге) білдіруге тиіс. Еңбек жолын бұрын бастаған өкіл еңбек әулетінің басшысы болып танылады. Еңбек династиясының басшысы – еңбек қызметін ең алғаш бастаған тұлға болып танылады. Еңбек әулеті қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастардың кәсіби бағдарлануына жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

    «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясында 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

    «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

    Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:
    - 1-ші кезең өңірлік деңгейде өткізіледі:
    Өңірлік деңгейдегі бірінші кезең:
    1 шілдеге дейін — жергілікті атқарушы органдар арқылы өтініштер қабылданады
    10 тамызға дейін үздік еңбек әулеттері мен республикалық маңызы бар қала қызметкерлері арасында жеңімпаздар анықталады;
    - 2-ші кезең республикалық деңгейде қазан айында өткізіледі, онда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бұрын айқындалған жеңімпаздары арасында қорытындылар шығарылады және жеңімпаздар марапатталады.
    Республикалық деңгейдегі екінші кезең қазан айында өткізіледі, онда өңірлерден, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан таңдалған жеңімпаздар марапатталады.

    Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
    номинацияны көрсете отырып, конкурска қатысу туралы еркін түрде жазылған өтініш; жеке куәліктің көшірмесі; номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны мен дағдыларын көрсете отырып, қаласаңыз); қатысушы туралы 1-3 слайдтан тұратын компьютерлік презентация (Microsoft PowerPoint форматында) (жұмыс, отбасы, қызығушылықтар, хобби және т.б.); еңбек әулетінің әрбір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың жұмыс беруші куәландырған көшірмесі / жұмыс орнынан анықтама; Жұмыс берушінің немесе кәсіподақтың ұсынған ұсыным хаттары.

    Мүмкін болған жағдайда (құжаттардың көшірмелері):
    мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттардың, грамоталар мен алғыс хаттардың көшірмелері кәсіби біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (болған жағдайда).

    Конкурсқа арналған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ақтөбе қаласы мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне немесе Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі мекенжай бойынша ұсынылады: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, 101-кабинет (байланыс телефоны: 56-00-43).

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Асхат Шахаров Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысты

    Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы өтті. Биылғы форум «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Прези...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ЖарысАяқталды

    Ақтөбе халықаралық пара үстел теннисі додасын қабылдайды

    2026 жылғы 25–28 шілде аралығында Ақтөбе қаласында ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтеді.Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген додаға әлемнің 23 елінен 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.Бұл – Қазақстанда пара үстел теннисі бойынша үшінші рет ұйымдастырыл...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: жүздеген мүмкіндік – жаңа жұмысқа жол

    Бүгін «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақтөбе қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өт...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

    Бүгін Ақтөбе облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның төрағалығымен өтті. Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, құзырлы мемл...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Жиында өңірдегі адам саудасына қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мобильді топтардың құқық бұзушылықтардың алдын...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

    ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының к...

    1 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Техникалық оңалту құралдарын тиімді пайдалану: Ақтөбеде пилоттық жоба талқыланды

    Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың төрағалығымен бейнебайланыс арқылы Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Жиналысқа Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, о...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ақтөбеде "Адам саудасы - ауыр қылмыс" кең ауқымды ақпараттық науқанының өткізілу жоспары талқыланды

    2026 жылғы 24–30 шілде аралығында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткізілетін «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты кең ауқымды ақпараттық науқанның жоспары Басқарманың бөлім басшысы Шынар Құрманбаева, бас маман Бекболат Иманғалиев, Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес б...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей