Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
    ХабарландыруАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

    2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.

    Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды.

    1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды.

    Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді.

    Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту, еңбексүйгіштік, прогресс және білім құндылықтарын бекіту, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті қолдау алғаш рет енгізіліп отыр.

    Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі өзгермейді.

    Мемлекеттің стратегиялық даму бағдарлары – адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияны Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді дамуының негізі ретінде дамыту конституциялық деңгейде алғаш рет айқындалды.

    Ата Заңымыз Конституция үстемдігін мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде, оның ең жоғары заңды күшін және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылуын бекітеді. Барлық заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер тек Конституцияның негізінде, сондай ақ оны орындау мақсатында қабылдануға және оған қайшы келмеуге тиіс.

    Бұған дейін сот төрелігі қағидаттарының қатарында бекітіліп келген заңның уақыт тұрғысынан қолданылуы туралы ережелер конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде конституциялық мәртебеге ие болды. Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын, жауаптылықты белгілейтін немесе күшейтетін заңдардың кері күшіне тыйым салу барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін жалпыға бірдей міндетті талап ретінде бекітілді.

    Конституциялық заңдармен реттелетін мәселелердің тізбесі кеңейтілді. Олардың қатарына Қазақстан Халық Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен қызметі, астананың құқықтық мәртебесі, жоғары мемлекеттік билік органдарының ұйымдастырылуы, Конституциялық Сот, сот жүйесі, арнаулы құқықтық режимдер және мемлекеттік құрылыстың өзге де мәселелері енгізілді. Бұл олардың құқықтық реттелуінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Халық Кеңесіне заң шығару бастамасы құқығы беріле отырып, халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде құрылды. Бұл қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыру ісіне қатысуын күшейтеді. Заң шығарушы биліктің жаңа үлгісі жасалып, мемлекеттік институттар арасында өкілеттіктер қайта бөлінді.

    Адам құқықтарын қорғау үлгісі елеулі түрде жаңартылды. Конституция қылмыстық сот ісін жүргізудегі негізгі кепілдіктерді сот қызметінің қағидаттары ретінде емес, бас бостандығы нақты шектелген сәттен бастап барлық мемлекеттік органдар сақтауға міндетті әрбір адамның ажырамас құқықтары ретінде бекітті. Олардың қатарында нақты ұсталған сәттен бастап қорғалу құқығы, бас бостандықтың шектелуіне сот бақылауы, негізсіз ұстауға тыйым салу, сұрақтарға жауап бермеу құқығы, өз-өзіне және жақын туыстарына қарсы айғақ бермеу құқығы («Миранда қағидалары»), сондай-ақ кінәсіз презумпциясы бар.

    Мемлекеттің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу міндеті, зияткерлік меншікті қорғау құқығы, дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікті қоса алғанда, цифрлық құқықтарға кепілдіктер, сондай-ақ мемлекет пен азаматтардың экологиялық жауапкершілігі конституциялық деңгейде алғаш рет бекітілді.

    Жаңа Конституцияның күшіне енуімен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты жаңа Конституция үстемдігін, оның ең жоғары заңды күшін және конституциялық құндылықтардың бірыңғай түсінілуін қамтамасыз ете отырып, конституциялық бақылауды жалғастыра береді.

    Жаңа Конституцияның күшіне енуі Қазақстан Республикасының конституциялық дамудағы жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл кезеңде адам, оның қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы болып, Конституция үстемдігі орнықты дамудың, заңдылық пен әділдіктің берік негізі бола береді.

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасының барша азаматтарын жаңа Конституцияның күшіне енуімен және еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің басталуымен құттықтайды.

    Жаңа Конституция мәтініне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1159830?lang=kk

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Асхат Шахаров Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумына қатысты

    Ресей Федерациясының Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы өтті. Биылғы форум «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Прези...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ЖарысАяқталды

    Ақтөбе халықаралық пара үстел теннисі додасын қабылдайды

    2026 жылғы 25–28 шілде аралығында Ақтөбе қаласында ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтеді.Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген додаға әлемнің 23 елінен 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.Бұл – Қазақстанда пара үстел теннисі бойынша үшінші рет ұйымдастырыл...

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ЖәрмеңкеАяқталды

    Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: жүздеген мүмкіндік – жаңа жұмысқа жол

    Бүгін «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақтөбе қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға және алимент бойынша берешегі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өт...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

    Бүгін Ақтөбе облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның төрағалығымен өтті. Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, құзырлы мемл...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті

    Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Жиында өңірдегі адам саудасына қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланып, өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мобильді топтардың құқық бұзушылықтардың алдын...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Техникалық оңалту құралдарын тиімді пайдалану: Ақтөбеде пилоттық жоба талқыланды

    Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың төрағалығымен бейнебайланыс арқылы Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын қайтару тетігін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Жиналысқа Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, о...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Ақтөбеде "Адам саудасы - ауыр қылмыс" кең ауқымды ақпараттық науқанының өткізілу жоспары талқыланды

    2026 жылғы 24–30 шілде аралығында Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткізілетін «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты кең ауқымды ақпараттық науқанның жоспары Басқарманың бөлім басшысы Шынар Құрманбаева, бас маман Бекболат Иманғалиев, Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес б...

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Ақтөбеде «Сен жалғыз емессің: қолдау күні» акциясы аясында өзекті мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды

    Ақтөбе қаласында өткен «Сен жалғыз емессің: қолдау күні» акциясы аясында Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы, депутаттары, қалалық бөлімдердің өкілдері, заңгерлер, психологтар, кәсіпкерлікке бағыттаушы мамандар тұрғындарды қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Шараның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған отбасыла...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей