RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    RES 2026 Өңірлік экологиялық саммит
    СаммитАяқталды

    ҒЖБМ Орталық Азияның климаттық шешімдерін қалыптастыруда ғылым мен инновациялардың рөлі бойынша стратегиялық сессия өткізеді

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Өңірлік экологиялық саммит аясында «Аймақтық климаттық шешімдерді қалыптастыруда академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында сессия өткізеді.

    Сессия Орталық Азияның тұрақты дамуын және климаттық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ғылымның, инновациялардың және оның ішінде жасанды интеллект сияқты алдыңғы қатардағы технологиялардың рөлін талқылау үшін маңызды орын болады.

    Жаһандық климаттық сын-қатерлердің күшеюі, технологиялық бәсекелестіктің өсуі, «жасыл» және цифрлық экономикаға өту кезеңінде жүйелік трансформациялардың қозғаушы күші, болжау құралы және стратегиялық шешімдерді қабылдау негізі ретінде ғылым жаңа маңызға ие болады.

    Сессия аясында:

    ✔ жасанды интеллект пен үлкен деректерді климаттық модельдеу және табиғи ресурстарды басқаруда қолдануға;

    ✔ климаттық және экологиялық технологияларды дамытуға (climate tech, clean tech);

    ✔ аймақтық инновациялық экожүйелер мен ғылыми платформаларды қалыптастыруға;

    ✔ ғылым, бизнес және мемлекеттің интеграциясы шешімдерін жылдам енгізуді жеделдетуге;

    ✔ адам капиталын дамыту және жаңа буын мамандарын даярлауға ерекше назар аударылады.

    Ғылыми қауымдастықтың дамудың ұзақ мерзімді сценарийлерін қалыптастырудағы және аймақтардың климаттық тәуекелдерге төзімділігін арттырудағы рөлін талқылау жеке бағыт болады, оның ішінде су қауіпсіздігі, экожүйелердің деградациясы және трансшекаралық ресурстарды басқару мәселелері де қарастырылады.

    Іс-шараға халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен университеттердің өкілдері қатысады, оның ішінде COMSTECH, ХҒТО, Қазақстан және Орталық Азия университеттері мен Еуропалық зерттеу институттары бар.

    Сессия ғылыми ынтымақтастықтың жаңа форматтарын қалыптастыруға, инновациялық жобаларды дамытуға және ғылымды, технологияларды және саясатты интеграциялауға бағытталған бастамаларды іске қосуға, сондай-ақ Орталық Азия өңірлік климаттық орталығын құруға арналған серпіліс болады деп күтілуде.

    Ғылым

    Ұқсас материалдар

    Пресс-релизАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекеттік органның ғылым және жоғары білім саласындағы ашықтығы» тақырыбына сауалнама өткізілетінін хабарлайды. Аталған сауалнама https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7045 сілтемесі бойынша қолжетімді. Қатысуларыңызды сұраймыз.

    Интернет-конференцияАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Халықтың жаңа жиынтықтарға деген қажеттіліктерін анықтау және ашық деректерді пайдалану» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. Аталған интернет-конференция https://dialog.egov.kz/conference/5877 сілтемесі бойынша қолжетімді. Осы интернет-ко...

    КездесуАяқталды

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглованың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Алматы қаласы, Достық көшесі 13 көшесі, Абай атындағы Қазақ ұлтт...

    КөрмеАяқталды

    Алматыда «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді

    Алматыда «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді 7-8 сәуір күндері Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Study in Azerbaijan» білім көрмесі өтеді. Іс-шараға Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындары қатысып, білім беру бағдарламаларының кең ауқымын, шәкіртақы мүмкіндіктерін таныстыр...

    Интернет-конференцияАяқталды

    «Ашық диалог» порталында интернет-конференцияны өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы» тақырыбына интернет-конференцияны өткізетінін хабарлайды. https://dialog.egov.kz/conference/5811 сілтеме бойынша аталған интернет-конф...

    Пресс-релизАяқталды

    «Ашық диалог» порталында сауалнама өткізу туралы хабарлама

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мемлекеттік органның ғылым және жоғары білім саласындағы ашықтығы» тақырыбына сауалнама өткізілетінін хабарлайды. https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6935 сілтеме бойынша аталған сауалнама қолжетімді. Қатысуларыңызды сұраймыз.

    КездесуАяқталды

    АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

    2025 жылғы 17 қазан сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ілиясұлы Ешенқұловтың ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Көкшетау қаласы, Абай көшесі 76, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, акт залы мекенжайы бойынш...

    Халықаралық форумАяқталды

    АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНДАУМЕНТТЕР ФОРУМЫ ӨТЕДІ: «ЭНДАУМЕНТТЕР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ: БОЛАШАҚҚА ИНВЕСТИЦИЯ»

    📅 2025 жылғы 2 қазанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында білім мен ғылым саласында мақсатты капиталдардың дамуын талқылаудың маңызды алаңына айналған бесінші Эндаументтер форумы өтеді. 🔹ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 маусымда «Мақсатты капиталдар мен эндаумент-қорлар (мақсатт...