Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы туралы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсы туралы
    ХабарландыруАяқталды

    Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – аудандық бөлім) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өткізілетін Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына (бұдан әрі-Конкурс) құжат қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

    Мемлекет басшысының 2008 жылғы Жарлығымен бекітілген Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру және осы салада бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату мақсатында өткізіледі.

    Байқауға қатысу тегін болып табылады.

    Байқау төрт номинациядан тұрады:

    1)«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».

    Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

    2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».

    Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

    3) «Үздік ұжымдық шарт».

    Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

    4)«Экологияға қосқан үлесі үшін».

    Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

    Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.

    Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

    Конкурсқа катысуға:

    1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

    2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

    3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

    4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

    5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

    6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

    Ұйымдастырушылар:

    1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;

    2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;

    3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.

    Конкурсты өткізу мерзімдері:

    1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;

    2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;

    3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;

    4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.

    Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:

    1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;

    2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

    Үміткердің есебінде:

    заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

    ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

    3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

    4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

    Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, өңірдің барлық кәсіпкерлерін «Парыз»конкурсына белсенді қатысуға шақырамыз.

    Конкурс туралы толық ақпаратты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен біле аласыздар және құжаттарыңызды осы бөлімге тапсыра аласыздар.

    Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен-жайы: Желтоқсан көшесі, №1, 3-кабинет. Тел: 8/72431/ 32-1-92 немесе 31-3-93

    Ескертпе:белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАМА! Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

    № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаске-сінің көлемі, гектар Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер пайдалану құқығы Топырақтың сапалық сипаттамасы Алқаптардың құрамы Бонитет балы Өңірдің ауылшаруашылығына мамандануы Сумен қамтамасыз етілу мүмкіндігі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Жалағаш ауданы, Аққыр ауылдық округі аумағ...

    27 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің бас жоспарын түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасын бағалау туралы қорытынды алынғанын хабарлайды.

    «Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің бас жоспарын түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасын бағалау туралы қорытынды алынғанын хабарлайды. Қорытынды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар...

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммун...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының «М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі» КМҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппарат...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының «Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының «Далдабай ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының «Да...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының «Қаракеткен ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының «Қа...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігі туралы

    Жалағаш ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметті...

    20 шілде 2026 ж.Тікелей