
«Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің бас жоспарын түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің сапасын бағалау туралы қорытынды алынғанын хабарлайды.
Қорытынды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 57-бабының 10-тармағына сәйкес берілді.
Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп қорытындыда және мүдделі мемлекеттік органдармен консультациялар хаттамасында көрсетілген ескертулердіжәне ұсыныстардыескеру шартымен қанағаттанарлық деп танылды.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының талаптарына сәйкес материалдар жариялануға және жұртшылықтың танысуы үшін орналастырылуға жатады.