Құрметті қызмет көрсетушілер!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Осы арқылы 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін жаңа өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз. Бұл шектеу жаңа филиалдар ашуды жоспарлап отырған, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған қызмет көрсетушілердің өтініштеріне де толық көлемде қолданылатынына ерекше назар аударамыз.

    Бұл шара қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін қалыптастыру және бекіту қажеттілігіне байланысты қабылданып отыр. Қабылдауды тоқтата тұру кезеңінде жұмыс тобы бұрын түскен өтініштер бойынша қажетті сараптамалық рәсімдерді жүргізетін болады. Сонымен қатар, бекітілген Алгоритмге сәйкес жұмыс істеп тұрған қызмет көрсетушілерге жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

    Өтініштерді қабылдаудың қайта басталу күні туралы қосымша хабарланатын болады.

    Түсіністік танытқандарыңызға және қосымша білім беру саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

    Қосымша білім беру

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

    Балаларға арналған қосымша білім беру бойынша Бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (БМТ) орналастырудың пилоттық жобасы аясында әмбебап ваучерді алу Қарағанды облысында oqu.edu.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады. Қарағанды облысында тұрақты немесе уақытша тіркеуі бар 4 жастан 18 жасқа дейінгі барлық балалардың ата-анала...

    ХабарландыруАяқталды

    Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру туралы хабарландыру

    «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабар...

    ХабарландыруАяқталды

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Конкурс мәні: Жергілі...